25 қыркүйек 2018 | 13:23

Алматыда "Южный" саябағы бір ай ішінде қайта жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігіінң баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігіінң баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан "Южный" саябағын аралап көрді. Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан саябақ аумағы - 14,2 гектар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жасау жұмыстары жүріп жатқан "Южный" саябағын аралап көрді. Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан саябақ аумағы - 14,2 гектар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаланың Табиғи ресурстар және табиғаттты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев мердігердің саябақты реконструкциялауды ұзаққа созуы конкурсқа қатысқан бір компанияның берген арызының салдарынан туындағанын,оның үстіне тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып, жобаға түзетулер енгізілгенін, сараптамаға қайта жіберілгенін айтты.

Бұрындары мегаполис әкімі тұрғындардың талаптарын ескере отырып жобаға қажетті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.

"Мұнда тұрғындардың барлық топтарына: арбадағы баласын сүйреген аналарға, балдырғандарға, тыныштықты қалайтын қарт адамдарға барынша ыңғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Бұл көңіл көтеретін саябақ емес, адамдар мұнда тынығуға келеді, сондықтан асфальтты алаңды азайтып, бұрыннан бар жолдар мен сүрлеулерді жаңартып, жайлы көлеңкелі кеңістік жасап, архитектуралық үлкен пішіндердің орнына шағын жарық көздерін пайдаланған жөн", - деген еді Бауыржан Байбек.

Қазіргі уақытта саябақта кеспе тас төселуде, 14 шақырым жерді суаратын су құбыры тартылуда. Келесі аптадан бастап жарық көздерінің 180 бағанасы орнатылады. Аудан тұрғындарының тілегі бойынша көше жиһазы, стационарлы дәретхана, иттердің және өзгелердің кіріп кетпеуі үшін қоршау қойылады. 

"Барлық жұмыстар бір айдың ішінде сапалы аяқталуы тиіс. Бұл саябаққа тек осы ауданның ғана емес ,өзге ауданның тұрғындары да серуендеп, демалуға келеді", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бұрындары аудан тұрғындарының Алматы әкіміне жасаған ұсынысы негізінде "TURKUAZ GROUP OF COMPANIES" компаниясы "Нұр Отан" партиясының тұғырнамасында "Южный" саябағында тұрғын кешенін салудан өз еркімен бас тартып, саябақтың солтүстік бөлігіндегі жер телімін мемлекетке қайтарған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети