Алматыда заңсыз оталған ағаштар: сот отырысы басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің маңындағы ағаштарды отау ісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Sulpak дүкенінің маңындағы ағаштарды отау ісіне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына Қылмыстық кодекстің 339-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы бойынша айып тағылған кәсіпкер келді. Бұған дейін полиция өкілдері басты күдікті сол аймақты көркейтумен айналысуға келісімшарт жасаған ЖК басшысы, Алматы қаласының тұрғыны екенін хабарлаған болатын. 

Іс ашық сот отырысында орыс тілінде қаралып жатыр. Прокурор айыптау актін оқыды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer