03 маусым 2022 16:39

Алматыдағы әкімдік ғимаратын жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Шенеуніктер Алматы әкімдігінің ғимаратын жөндеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шенеуніктер Алматы әкімдігінің ғимаратын жөндеу барысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін әкімдік ғимараты мен аумағын өрт салдарынан тазарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қорытындысы бойынша жарамсыз болып қалған агрегаттар мен құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізілген.

Демонтаждау жұмыстарының дайындығы - 85 пайыз. Қазіргі уақытта әкімдік ғимаратын қайта құру жобасы жүргізіліп жатыр.

"Ғимарат жалпы ауданы 3 363 065 шаршы метр болатын төрт павильоннан тұрады. Жобада ғимараттың тарихи келбетін сақтай отырып, қасбеттерін қалпына келтіру, ішкі безендіру қарастырылған", - деді әкімдік өкілдері.

Бұдан бұрын Алматыда қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталғаны хабарланған болатын. Жұмысқа шамамен 660 адам тартылған.

Алматы әкімдігі ғимараты қашан қалыпқа келтіріледі?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети