Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында көліктер ұзын-сонар кептелісте тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматылықтар Әл-Фараби даңғылындағы көлік коллапсына шағымданды. Қалалық магистральдегі ұзын-сонар кептелістің видеолары Instagram-пабликтерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Видеодағы сипаттамада автор "Әл-Фараби даңғылы 35 градус ыстықта бір сағаттан астам уақыт бойы жабық тұр" деп хабарлаған.

Сондай-ақ, видеода Сайын көшесінің оңтүстік бағыты бойынша да кептеліс байқалады. Адамдар не болып жатқанын түсіне алмай дал.

Жүргізушілер Instagram-пабликтерге жолдаған ақпараттарға сәйкес, Әл-Фараби даңғылында көліктер толығымен тұрып қалған. Сайын мен Жандосов көшелерінің квадраты, сондай-ақ Асқаров көшесінде де кептеліс.

"Орбита ықшамауданының бүкіл аумағы тоқтап тұр. Мұстафин мен Торайғыров көшелерінде де қозғалыс қиындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаланың осы секторында қозғалыс уақытша қиындаған немесе толықтай тоқтаған", – деп хабарлайды 100baksoff_almaty Instagram-паблигі.

Біз аталған жағдайға қатысты пікір алу үшін қалалық полицияға жүгіндік.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет Алматыда қатты ыстық болатынын ескерткен еді. 16 мамырда Алматыда ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін жетіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +21
Ақтау +30
Ақтөбе +30
Атырау +34
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +23
П
Павлодар +25
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +31
Тараз +28
Түркістан +33
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер