14 шілде 2023 10:54

Алматыдағы аудан тұрғындары екі күннен бері сусыз отыр

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Наурызбай ауданындағы Байтелі батыр көшесінің тұрғындары екі күннен бері сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Наурызбай ауданындағы Байтелі батыр көшесінің тұрғындары екі күннен бері сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Редакциямызға Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Бәйтелі батыр көшесінде тұратын тұрғын хабарласты. Оның айтуынша, олар екінші күн сусыз отыр. Дүкендерден ауызсу сатып алуға және қаладағы ақылы дәретханаларға баруға мәжбүр болған.

"Менің зейнеткер анам бар. Ол менімен бірге тұрады. Гипертониялық және қант диабетімен ауырады. Оның жағдайын елестетіп көріңізші! Енді қайда барарымызды білмейміз. Сыртта 35 градус ыстық, міне, тағы екінші күн сусыз отырмыз", - деп шағымданды тұрғын.

Алматы әкімдігі аудандарда үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар екенін хабарлады. Наурызбай ауданы Алматы қаласының құрамына соңғы болып кірген. Байтелі батыр көшесінде орналасқан су құбырын тұрғындардың өздері бірлесіп орнатқан.

"Қазіргі уақытта аудан әкімдігі тұрғындарға көмек көрсетіп, сондай-ақ "Алматы су" мемлекеттік кәсіпорнының магистральдық желілердегі құбырларды насоспен жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, барлық мән-жай анықталғанша тұрғындарға арнайы техникамен су беру ұйымдастырылады", - деді әкімдік.

Кейін әкімдік аудандағы су құбырының қалпына келтірілгенін хабарлады. Алайда, редакцияға жүгінген тұрғын көрші үйлердің тұрғындары құбырды ауыстырып, су құбырын өз күштерімен тазалағанын айтты.

"Кешке қарай мамандар өздерінің жұмыс уақыты аяқталғанын айтып, кетіп қалды. Мен көршілерімді жинап, шөлдеп өліп кетпеу үшін өзіміз жасауға көштік", - деді тұрғын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети