20 тамыз 2021 13:48

Алматыдағы екі ықшамауданда су тарифтері арзандады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Алматының бірқатар ауданында су тарифтері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бірқатар ауданында су тарифтері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақты айтқанда, Алғабас және Ақбұлақ ықшамаудандарының тұрғындары үшін тариф төмендеген.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің қызметкерлері талдау жүргізген. Нәтижесінде бекітілген тарифтік сметаның шығын баптары 5 пайыздан артық орындалмағаны және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз кіріс сомасы Алғабаста 12 470 340 теңге болғаны анықталды, Ақбұлақта - 3 003 340 теңге.

Енді Алғабаста сумен жабдықтау қызметінің тарифі 35,26 теңгеге арзандап, ҚҚС есебінсіз текше метрге 69,00 теңге болды немесе қолданыстағы тарифтің 33,81 пайызы (қолданыстағы тариф - 104,26 теңге/м3). Жеңілдетілген тарифті қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 31 қазанына дейін.

Ал Ақбұлақтағы тариф 26,63 теңгеге арзандаған, ҚҚС-сыз 60,64 теңге/м3 немесе қолданыстағы тарифтің 30,5 пайызы (қолданыстағы тариф - 87,27 теңге / м3). Жеңілдетілген тарифті қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети