11 тамыз 2022 11:47

Алматыдағы Жұбанов көшесін ұзарту жұмыстары қашан басталады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы әкімдігі Жұбанов көшесін ұзарту жұмыстары қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі Жұбанов көшесін ұзарту жұмыстары қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуезов ауданының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевпен болған кездесуде  Жұбанов көшесін ұзарту мәселесін сұрады.

"Қазір Жұбанов көшесін ұзартуға қатысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспары бар. Егер бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастаймыз.

Бұл жоба іске асса, көше Әуезов және Наурызбай аудандарының аумағы арқылы өтіп, Сәбденов көшесінің бойымен өтеді. Көшенің ені 40 метр, яғни 4 жолақты жол болмақ. Алынуға жататын 180-ге жуық нысан бар", - деді Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов.

Қарахан мен Сәбденов көшелері жобаның бір бөлігі болуы мүмкін. Олар Жұбанов жолының бойында орналасқан. Жұбанов көшесінің жалпы ұзындығы 5,3 шақырым. Жобалаушылар құрылыс жұмыстарын 2030 жылға дейін аяқтауды ұсынып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети