11 ақпан 2022 10:27

Алматыдағы көлік базарының саудагерлері жалға алу құнына шағымданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сатушылардың айтуынша, базар әкімшілігі жалдау ақысын екі есе көтеруге шешім шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Сатушылардың айтуынша, базар әкімшілігі жалдау ақысын екі есе көтеруге шешім шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бақорда city" көлік базарының сатушылары нысан иесінің әрекеттеріне наразылық білдірді. 50-ден аса саудагердің айтуынша, келесі айдан бастап бутиктерді жалдау құны екі есе өседі. Ал саудагерлердің кірісі төмендеп кеткен.

"Кеше ескертіп кетті. Бірге - бір, яғни жалдау ақысын 100 пайызға көтеріп отыр. Бірақ қазір жағдайымыз қиын. Мұнда тұру, жұмыс істеу өте ауыр. Себебі сатып алушылар жоқ", - деді кәсіпкер Ермек Байболов.

Сатушылардың айтуынша, базар әкімшілігі аумақты тазалайтын тазалықшылардың қызметі қымбаттағанына байланысты осы мәселе туындағанын түсіндірген. Ал сатушылар өз бетінше тазалық жасайтынын айтты. Сонымен қатар, базардан орын сатып алғандардан да жалға алу ақысы алынып жатқаны айтылды.

"Басында орынды өзіміз сатып алдық. Әркім өзіне сатып алды. Енді жалдау ақысын да төлеуге тура келеді. Ақылға қонбайтын баға! ", - дейді бутик иесі Нина Герасименко.

Базарда мыңға жуық бутик бар, бірақ қазір жартысына жуығы жабық. Тағы бір кәсіпкер автокөлік аксессуарларын сататынын және бизнесіне бірнеше миллион инвестиция салғанын айтты. Бірақ кейінгі уақытта кіріс төмендеп кеткен. Ол жалға алу бағасы өссе, дүкенін жабатынын айтты. Кейбір сатушылар бутиктің өзінен басқа қоймаларға да төлеуге мәжбүр. Кейбіреулер жалдау ақысымен бірге коммуналды қызмет үшін айына 230 мың теңге төлейді әрі баға өскеннен кейін бұл сома екі есе артуы мүмкін.

Саудагерлер болып жатқан әділетсіздікке шағымданды. Екінші қабатта бутик жалдағандар бір шаршы метрге мың теңгеден жалға алатынын, ал бірінші қабатта баға екі есе өсетінін айтты.

"Құрылтайшыға ұжым болып хат жазып, барлық талап пен сұрақты сонда көрсету керек. Ол қазір қалада емес, 23 ақпаннан кейін келіп, саудагерлермен кездесіп, шешімін айтады", - деді базар басшысы Зәуре Сапажанова.

Саудагерлер жалға алу құнын бұрынғыдай қалдыру үшін қол жинай бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети