1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы ірі сауда орталығы маңындағы цехтен өрт шықты

Алматыдағы ADK ойын-сауық орталығы маңындағы цехтен өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, 16 маусым кешкі уақытта 101-ге көптеген қоңырау түскен. 

"Өртсөндірушілер сағат 18:46-да Бостандық ауданы, Сәтбаев көшесі 90 мекенжайы бойынша шықты. Алдын ала мәлімет бойынша ADK ойын-сауық орталығының маңында орналасқан цех өртенген. Ашық өрт жоқ. Адамдар эвакуацияланып жатыр", - дейді ТЖД өкілдері. 

Оқиға орнына 54 өртсөндіруші мен 17 техника жұмылдырылған. Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, адамдарға ADK аймағына кіруге болмайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!