14 тамыз 2018 13:21

Алматыдағы Шевченко көшесінде жарты күнде 50-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kolesa.kz ©kolesa.kz

Шевченко көшесінде Достық даңғылы мен Жароков көшесінің арасында жарты күнде 47 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Шевченко көшесінде Достық даңғылы мен Жароков көшесінің арасында жарты күнде 47 автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

Бұрынғы 5 экипаж мүшесі қатысқан "Буран"іс-шарасы кешкі сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүргізілген.

"Шевченко көшесінде осымен бір жыл бұрын біржақты қозғалыс енгізілді, сондай-ақ, онда веложол бар. Осы аумақта заңнаманың сақталуын бақылап, атап айтқанда, жергілікті жұмыс пен нақты рейдтерді жүргізуді күшейту туралы шешім қабылданды", - деді Алматының ІІД Жол-патрульдік полициясы командирінің орынбасары Манап Саттаров.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ең көп таралған заң бұзушылық - аялдау ережелерін бұзу немесе көлік құрал тұрағының ережелерін бұзу екен (21 дәйек) және жол бойында белгіленген ескерту немесе жол белгісі талаптарын сақтамауы (24 дәйек) тіркелінген. 

Барлығы 34 ер адам мен 12 әйел адамға айыппұл салынған (бір әйелге жарықтандыру құрылғылары мен жол бойындағы белгіленген ескертуді сақтамағаны үшін екі рет айыппұл салынған).

Өз кезегінде Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны рейд нәтижелерінің қарсаңында Достық және Әл-Фараби даңғылында 75 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Бес көлік құрылғысы арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети