16 қаңтар 2022 15:08

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Желіде лаңкестер мен әскерилер түсірілген видео тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Facebook әлеуметтік желісінде Алматы орталығында таяқ және темірмен қаруланған террористер әскерилерді ұрып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Facebook әлеуметтік желісінде Алматы орталығында таяқ және темірмен қаруланған террористер әскерилерді ұрып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, оқиға Сейфуллин мен Шевченко көшелері қиылысында болған.

"Таяқ және темірмен қаруланған террористер Алматы орталығында әскерилерді ұрып жатыр. 5 қаңтар, сағат 15.40. Видео-дәлел", - дейді видео авторы Жандос Құрманбаев.

Алматылық Жандос Құрманбаев терезеден 15 минуттық видео түсірген.

"Сол күндері мен Алматыдағы оқиғалар куәсі болдым. Тереземнің түбінен 5 қаңтарда сағат 14:40-та Ұлттық ұланның 1200-ге жуық сарбазы және арнайы мақсаттағы мобильді жасақтың 500 жауынгері өтті.

Олардың артынан, есептеуім бойынша, шамамен 15 мың адам кетті, олардың едәуір бөлігі әскери қалқан мен таяқ, темірмен қаруланған.

Менің бағалауым бойынша және 5 қаңтарда жариялаған видеода "наразылық білдірушілер" арасында таяқпен қаруланған кемінде үш мың адам болды.

Көбі жастар 17 жастан 25 жасқа дейінгілер", - деді Жандос Құрманбаев.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети