Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетіледі? 20 қаңтар 2022, 11:41

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер мен бүлік салдарынан 1600-ге жуық кәсіпкер зардап шеккен. Келтірілген шығын сомасы 67 миллиард теңгеге бағаланады. Оның 95 пайызы - шағын және орта бизнес. Шығын сомасы 43 миллиард теңге көлемінде болады.

Сағынтаевтың айтуынша, үкімет комиссиясы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жобасын әзірлеген. Алайда қосымша қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетілетіні де айтылды.

"Зардап шеккен ШОБ субъектілерін үш айға дейін коммуналды шығындардан босатамыз. ШОБ субъектілерін коммуналды нысандар бойынша жалға беруден алты ай мерзімге босатамыз. Жекеменшік жалға берушілермен, әсіресе, сауда орталықтарымен зардап шеккен кәсіпке жеңілдік көрсету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жалпы, меншік иелерінің көпшілігі үндеуімізді қолдады. Silkway, "Пассаж" СО, ЦУМ және Moskva зардап шеккендерді төлемнен босатуға дайын екенін растады. Басқаларымен жұмыс жалғасып жатыр", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Әкімдік өкілі зардап шеккен кәсіптің коммуналды шығындары жергілікті бюджет есебінен төленетінін айтты. Ал жалға алу бойынша мәселелер жалға алушыға келтірілген залал мөлшеріне байланысты жеке шешіледі. Бұл жеңілдік көрсетілетін белгілі бір кезең бола ма немесе жалдаудан толық босатыла ма және қай кезеңге деген мәселелер қарастырылатыны айтылды. 

Сондай-ақ, Алматы әкімі зардап шеккен кәсіпкерлерге "Алматы" ӘКК-нің кепілдігімен немесе ішінара кепілдігімен жылдық 2 пайызбен айналым қаражатын толықтыруға 10 миллион теңгеге дейін несие берілетінін айтты.

"Бұдан басқа, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша негізгі қарызды өтеуді шегеру, сондай-ақ "Алматы финанс" және Алматы МҚҰ алдында айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату ұсынылады. Қаланың барлық кәсіпкерін қолдау үшін несие берудің жоғары мерзімін жарты жылға ұлғайту қарастырылды және кепілсіз несие беру бойынша мөлшерлеме 12-ден 9 пайызға дейін төмендетілді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram