Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматылық атқыш Руслан Күлекбаев көздегенін жайратып салатын нағыз мерген болып шықты

22 Шілде 2016, 08:53
0
© Youtube
© Youtube

Алматыда алты адамды атып өлтірген Руслан Күлекбаевтың басқа да қылмыстары ашылып жатыр. Лаңкес кісі тонап, қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан дейді полицейлер. Бұған дейін екі рет істі болған Күлекбаев нәпақасын осылайша қылмыстық жолмен тауыпты. Қару ұстауды да сол кезде үйренсе керек. Лаңкестің тапанша мен ұңғылы қаруды қатар қолдана алатын шеберлігіне кәсіби мамандар да таң қалып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеушілер лаңкестің өзге қылмыстарын әшкерелеп жатқанда, кәсіби мамандар оның әр әрекетін зерттеуге кіріскен. Еліміздегі атқыштар қауымдастығының төрағасы Руслан Күлекбаевтың кез келген қаруды қолдана алатынына назар аударыпты. Өйткені күдікті, атқан оғының бәрін де нысанаға дәл бағыттай білген. Бар-жоғы 24 минуттың ішінде  30 оқпен 6 адамды жер жастандырып, жетеуін жаралауы сөзіме дәлел екен.  

Қазақстан мылтық атушылар қауымдастығының төрағасы Александр Тен тілшілерге берген сұхбатында Таспаларды қарап отырып күдіктінің ұзын ұңғылы қаруды жақсы ұстай алатынын байқадым дейді. "Бірақ кәсіби деңгейдегі жауынгер дей алмаймын. Әскер қатарында немесе өз бетінше атып үйренгені айдан анық. Мүмкін аңшы болған шығар. Себебі оның мергендігіне қарап қаруды қолына алғаш рет ұстап тұр деп айта алмайсың.

Сонымен қатар, тілшілерге психологтар Русланның жүйке жүйесі де өте төзімді екенін айтады. Себебі көп жағдайда кісі өлтірген адам қолы қалтырап, сасқалақтап қалады екен. Ал лаңкес керісінше көзіне түскен тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, мейлінше көп адамды өлтіруге тырысқан. "Күдіктінің бұл қылмысқа жоспарлы түрде барғаны анық. Қанды көрген сайын өршеленіп, алдына шыққанның бәріне қару кезенді. Тіпті қорыққан жоқ, керісінше суыққанды болған", - дейді психолог Оксана Гулак.

Қаскөйдің қаруды қайдан алғаны, атыс өнерін кімнен үйренгенін тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Тіпті тергеу барысында басбұзардың басқа да былықтары ашылуы мүмкін. Өйткені қазірдің өзінде Руслан Күлекбаевқа алты бап бойынша айып тағылып, бұрынғы өткен өмірі бастан аяқ тексеріліп жатыр. 

Айта кетейік, Руслан Күлекбаевты төрт күннен бері тергеуге алған тәртіп сақшылары оның тағы да бірнеше қылмысын әшкереледі. Лаңкестің төрт қарақшылық шабуылға және екі ұрлыққа қатысы бар екен. Яғни сұрақ-жауап кезінде қаскөй базар маңын торып жүріп, азық-түлік арқалаған әйелдерге шабуыл жасағанын мойындапты. Тіпті тағы бір жолы жемтігін соққыға жығып, 500 мың теңгесін тартып алған. Осылайша еш жерде жұмыс істемейтін жігіт нәпақасын қылмыстық жолмен тауып келген дейді полицейлер.

"Күлекбаев әсіресе әйел адамдар мен қарсылық көрсете алмайтын қорғансыз жандарға шабуыл жасаған. Сондай-ақ оны 15 жасында отбасымен бірге әкесі тастап кеткен екен. Осы жағдай оның бұрыс жолға түсуіне әсер еткен. Тергеу кезінде 2  әйел алғаны анықталды", - деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев. (Дереккөз: КТК).

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай