20 шілде 2016 16:15

Алматылық атқыштың көршілері оқиғаның жай-жапсарын айтты: жасырын камера, арыз-шағым, бүлінген үй

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Прокопенко Владимир Прокопенко

Бүгін қоршауға алынған аумақтағы Жібек Жолы 39 мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындары пәтерлерді жалдап тұрып жатқандардың үстінен бірнеше мәрте шағым түсіргендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін қоршауға алынған аумақтағы Жібек Жолы 39 мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындары пәтерлерді жалдап тұрып жатқандардың үстінен бірнеше мәрте шағым түсіргендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

18 шілдеде бірнеше полицейді өлтірген Руслан Күлікбаев жалдап тұрып жатқан пәтерден бір қабат жоғарыда тұратын тұрғынның айтуынша, бұл подъезде екі пәтер ғана (екінші және төртінші қабаттарда) жалдамалы. "Біз пәтер иелерінің кооперативіне (ПИК) біздің подъезде пәтер жалдап тұратындардың жағдайын білсін деп бірнеше рет шағым түсіргенбіз. Екінші қабатта 15-ке жуық адам тұрады. Төртінші қабатта да жалдап тұрды. Ал ПИК-тегілер мұны біздің ісіміз емес екенін айтып қайтарды", - деді әйел.

Арнайы операция алдында полиция бұл пәтердің иесіне алдағы жоспар жайлы ескертіпті. Арнайы қызметтегілер осы әйелдің пәтерінің терезесі арқылы төмендегі пәтерге кіріпті және жоғарыдағы пәтерден төменге арнайы камера түсіру үшін еденін тесіпті. Арнайы операция кезінде әйел үйінде болмапты.  

Көршілердің айтуынша, полицейлер тінтіген үйде шын мәнінде ұсталған адам тұрып жатыпты. "Көршілер сақалды бір кісіні көрген, терезесінен оның намаз оқып тұрғанын көрген. (...) Сол дейді. Бірақ мен өз басым сол екенін айта алмаймын. Жас жігітті, сосын балалары бар әйелді көрген осы пәтерде", - деді тұрғындардың бірі. 

Айта кетейік, 20 шілдеде 15.00-де бұл үйдің тұрғындарына әкімдік өкілдері келіп, үйдің бүлінген жерлерін қалпын келтіруге уәде беріпті. Руслан Күлікбаев тұрып жатқан пәтердің иесі пікір білдіруден бас тартып отыр. Алайда оған да әкімдік қызметкерлері келіп, пәтердің бүлінген жерлерін қайта қалпына келтіру туралы әңгімелесіпті.

Еске салайық, бүгін, сәрсенбіде таңғы уақытта Гоголь - Зенков - Мақатаев - Абдуллин көшелерінің шаршысы қоршауға алынған. Онда ІІД жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Полиция өкілдері барлық азаматты тыныштық сақтауға шақырды. Кейін полиция бұл арнайы операцияның себебі деп Күлікбаевтың пәтерін тінтуді атады.


© Владимир Прокопенко

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети