19 сәуір 2021 11:37

Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз тұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

49 жастағы алматылық әйел 20 жыл құжатсыз тұрған. Оның үш баласының да туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі жоқ, - деп хабарлайды Polisia.kz


49 жастағы алматылық әйел 20 жыл құжатсыз тұрған. Оның үш баласының да туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі жоқ, - деп хабарлайды Polisia.kz

Портал мәліметінше, әйел 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) төлқұжатын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталған. 

"Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаты болған жоқ", - дейді полиция өкілдері.

Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысынан көмек сұраған.

"Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен азаматша және оның балалары ҚР "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі берілді", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети