14 қараша 2016 16:46

Алматылық гипермаркет жалаңаш сатып алушылар қатысқан акция үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Вконтакте "Квартирная закупка" акциясы © Вконтакте "Квартирная закупка" акциясы

Алматылық ірі гипермаркеттің әкімшілігі жалаңаш сатып алушылар қатысқан акцияны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, дүкеннің басшылығы бұл акция үшін кешірім сұрап отыр.


Алматылық ірі гипермаркеттің әкімшілігі жалаңаш сатып алушылар қатысқан акцияны тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, дүкеннің басшылығы бұл акция үшін кешірім сұрап отыр.

"Азаматтардың сынын қабылдай отырып, 2016 жылдың 14 қарашасынан бастап "Квартирная закупка" акциясының аясында өткізілген "Кел де, ал" қозғалысын тоқтатамыз. Бұл акция үшін кешірім сұраймыз", - деп мәлімдеді гипермаркеттің әкімшілігі. 

"Сондай-ақ, біздің сауда кешеніміз қоғамда қалыптасқан моральдық және адамгершілік құндылықтарды терең түсінеді және қолдайды", - деп атап өтті сауда кешенінің әкімшілігіндегілер. 

Еске салайық, бұл акция туралы 12 қарашада, сенбі күні белгілі болды. Жартылай жалаңаш сатып алушылар осылайша жеңілдікке ие болған еді. Бұдан кейін дүкеннің акциясы әлеуметтік желілерде талқыланған болатын. Акцияның шарты бойынша, қыздар суға түсетін киімімен, ал жігіттер суға түсетін шортымен келуі тиіс болған. Қатысушылар үш минут ішінде бес мың теңгеден аспайтын уақытта қалаған затын алуы тиіс еді. Бірақ алкоголь және табак өнімдерін алуға рұқсат жоқ. Жалпы акцияға 75 адам қатысқан. Қатысушылардың басым бөлігі 30-ға толмаған жастар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети