21 сәуір 2016 13:10

Алматылық мұғалім жыныстық қатынас туралы даулы тест сұрағына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Алматыдағы 35-ші гимназияның биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорова 6 сынып оқушыларына ВИЧ-инфекция және ЖИТС туралы берген даулы тестке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ата-аналардың айтуынша, тестте дәстүрлі емес жыныстық қатынас кезінде контрацепция құралдарын қолдану жөнінде сұрақ болған. Осы дерек жарияланғаннан кейін мектепке әкімдік өкілдері тексеріс жүргізіпті.


Алматыдағы 35-ші гимназияның биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорова 6 сынып оқушыларына ВИЧ-инфекция және ЖИТС туралы берген даулы тестке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ата-аналардың айтуынша, тестте дәстүрлі емес жыныстық қатынас кезінде контрацепция құралдарын қолдану жөнінде сұрақ болған. Осы дерек жарияланғаннан кейін мектепке әкімдік өкілдері тексеріс жүргізіпті.


Суретті 35-ші мектептегі ата-аналар ұсынды

Айта кетейік, бұл мәселе төңірегінде ата-аналардың пікірі екіге бөлініп отыр. Олардың кейбірі биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорова мен мектеп директоры Ольга Прокопьева осы дау-дамайдан кейін жұмыстан қуыла ма деп алаңдайды. "Оқушылардың бірінің ата-анасы шағымданған. Дегенмен, мұндай мәселені мектеп ішінде шешіп алу керек. Осыған бола мұғалімдерді жұмыстан қууға болмайды. Қателіктерді жөндеу керек. Мектепке ешқандай мін тақпаймыз, өте керемет мектеп", - деді алтыншы сынып оқушыларының бірінің анасы Лейла Сүлейманова.


35-ші мектептегі ата-аналар митингі. © Әлішер Ахметов

Қазір ата-аналар мұғалім мен мектеп директорын қорғау мақсатында хат жазуға ниеттеніп отыр. "Біздің білуімізше, бұл 10 жыл бұрын білім министрі мен вице-министрі бекіткен ЮНЕСКО тесті болған. Бұл тест тек біздің мектепте жүргізілген жоқ. Біз сұрақтың мәтінімен танысып шықтық, криминалдық ештеңе көріп тұрған жоқпыз. "Дәстүрлі емес жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдану керек пе?" деген сұрақ болған. Мұның дұрыс немесе дұрыс емес екенін айта алмаймын. Дегенмен, бұдан балаларға ешқандай зиян келмегенін айтқым келеді", - деді ата-аналардың бірі Наталья.

Тест сұрағы жөнінде 11 сынып оқушысы да өз ойын айтты. "Бұл тест бізге жыл сайын беріледі. Біз фильмдер қарап, сол бойынша сұрақтарға жауап береміз. Мен бұл жерде артық ештеңе көріп тұрғам жоқ. Әрине, алтыншы сыныпта бұл сұрақтарды көрген кезде күлгенміз рас, бірақ ешкім жанжал шығарған жоқ", - дед ол. "Мен Атырау мен Астана қалаларында да оқыдым. Мұндай сұрақтар 6-8 сынып оқушыларына барлық мектепте беріледі", - деді оқушы қыз.

Биология пәнінің мұғалімі Ольга Сидорованың айтуынша, мұндай тестті ол 2006 жылдан бері өткізіп келеді екен. Ең төмені алтыншы сыныптарға өткізілген. Жоспар бойынша, курс ВИЧ-инфекцияға қарсы арнайы сынып сағаттары мен биология пәнінің аясында өткізіледі.

"ЖИТС ауруы пайда болғаннан бері мен түрлі курсқа барып жүрмін. Бұл мәселе 30 жылдан бері талқыланып келеді. Қаламызда да осы ауруға қарсы шаралар өткізіліп жүр. Біздің мектеп те сол шараларға қатысып, насихат жұмыстарын жүргізеді. Бұл біз үшін үнемі ашық тақырып және тест төңірегінде ешқашан мәселе туындаған емес. Тестті мен 2006 жылы ЮНЕСКО курстарының бірінен алдым. Ол балаларға арналып жасалған", - деді мұғалім.

Оқытушы дәстүрлі емес жыныстық қатынас жөніндегі сұрақ туралы ойын айтты. "Тестті адамдарды аурудан қорғау мақсатында мамандар арнайы жасады. ВИЧ-инфициясын жұқтырғандардың саны артып жатыр және бұл ашық мәселе. Балалар өзін кез келген жағдайда қорғай білуі тиіс. Курсқа мені мектеп жіберді", - деді ол. Ольга Сидорова ары қарай жұмыс істеу жөнінде нақты шешім қабылдамағанын айтты.


© Әлішер Ахметов

Білім басқармасының мәліметінше, мұғалімдердің ешқайсысы жұмыстан кеткен жоқ. "Мектеп мұғалімін жұмыстан қуған жоқпыз, ол бүгін жай ғана жұмысқа келмей қалды. Осы тест айналасындағы дау-дамайға байланысты күйзелісте жүрген сияқты. Біз ешкімді қызметінен босатпаймыз. Қазіргі уақытта мектепте қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Барлық оқулық тексеріледі", - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева.

Сонымен қатар, ол бұл тесттің білім ведомствосынан тексерістен өткізілмегенін айтты. "Тестті мұғалім білім басқармасының келісімінсіз жүргізген. Ол бұл сұрақтарды 2006 жылы мұғалімдерге арналған семинарлардың бірінен алыпты. Тест балаларға арналмаған. Тексерістен кейін педагогке қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Мұғалімнің зейнет жасында екенін айта кеткен жөн", - деді Әміртаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети