10 қазан 2017 15:53

Алматылық тұрғын салафит болған әйелінің қорлығы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны әйелінің бірнеше жыл бойы некелескеннен кейін діни ағым қабылдап, екі қызын алып, қашып кеткені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны әйелінің бірнеше жыл бойы некелескеннен кейін діни ағым қабылдап, екі қызын алып, қашып кеткені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ербол Қасымов (кейіпкердің аты-жөні өзгертілген - Авт.) әйелі Айгүлмен некелескеніне жеті жылдан асқан. Айтуынша, әйелі дінді қатты ұстанбайтын. 


Суреттер жеке архивтен

"Жыл сайын шешесіне Кавказға барып тұрды. Менің жұмысым өнбей қойды, ол жұмыс істемеді, балалармен жүрді. 2014 жылы тағы бір барып келгеннен кейін хиджап киіп, намаз оқығысы келетінін айтты. Бұдан қиындық көрмедім, оған әрдайым қолдау білдіруге дайын едім, бірақ бұл жайлы кім кеңес бергенін сұрап көрдім. Ол өрт, от туралы түс көріп жүргенін айтты. "Олар мұсылман ғой, бұл құдайдан келген белгі, нағыз мұсылман болу керек деп айтты" деп түсіндірді", - деп еске алады Ербол.

Ер адамның айтуынша, ол сол кезде бұдан еш жамандық көрмей, әйеліне қолдау білдіріпті. 

"2016 жылдың наурызына дейін жағдай жақсы болды. Ол өзінің құрбыларымен көп араласатын болды. Кейін құрбылары тұрмысқа шығып, Ресейге кетіп қалды, бірақ әрдайым байланыста болды. Біраз уақыттан соң ананы жасама, мынаны жасама, харам болады деумен болды. Әуен тыңдауға да, мереке тойлауға да болмайды екен. Теледидар көруге мүмкіндік бермеді, балаларға діни әндер қосып беріп жүрді. Мен әрдайым балаларға ертегі айтып беретінмін, планшеттен қойып беретінмін. Енді ол құдайсыздардың бұлай жасайтынын айтып, тыңдамау керек екенін айтты", - дейді Ербол.


Суреттер жеке архивтен

Осы сәтте ер адам бірдеңе боларын сезгендей үйдегі Интернетті өшіріп, әйелін мешіт медресесіндегі сабақтарға апарған. 

"Апарып жаздырдым, бастапқыда медресеге барып жүрген, бірнеше ай солай болды. Сосын Кавказдан оған Алматыда тұратын бір қыздың нөмірін жіберіпті. Бұл қыз Тәжікстан азаматының әйелі, сол азаматты Ресейден Қазақстанға депортациялапты. Олар тығыз қарым-қатынаста болып, күндердің бірінде әйелім маған "Мен енді мешітке бармаймын, ол жақтың мазхабы хахани мазхабы, мен оған келіспеймін, мен шын мұсылман салафитпін" деді", - деп еске алады Ербол.

Ер адам сол кездің өзінде әйелінің мектеп пен балабақшадағы мерекелерге барғызбай, шын мұсылмандар Жаңа жыл мен Конституция күнін емес, шариғат рұқсат еткен мерекелерді тойлайды деп айтқанын мәлімдеді. Кешкі уақытта "шайтандар ұшып жүреді" деп терезені де ашқызбапты. Ерболадың достары мен әріптестеріне де тимей кетпепті, айтуынша, олар "дұрыс жолда жүрген жоқ" деп, осы қарым-қатынасымен олардың оны бұзып жүрген деген пайымын айтқан. 

"Сол кезде мен алаңдай бастадым. Имамға барып, "Не істеймін?" деп сұрадым. Ол оны мешітке алып келуімді сұрады. Келіп едік, имам оның үгіт құрбаны болғанын айтты. Ата-анасына хабарластым, олар да шарасыз екенін айтты, оларды да әйелім тыңдамай қойды. Бұл алған бетінен қайтару үшін біраз әрекет еттім", - дейді Ербол.

Тағы бір құрбысы келген кезде әйел күйеуін "әйелдердің тақырыбында әңгімелесеміз" деп пәтерден шығарып жіберген, сонықтан Ербол әйелінің құрбысын үйдің кіреберісінде ғана көріпті. Айтуынша, әйел бастан аяқ қара киім киіп алыпты. Қолында қолғап, ал бетін орамал жабылған, сондықтан көзін де көре алмапты. Ауласында Ербол оның күйеуін көріпті, күйеуі сақалды әрі біртүрлі киініпті. 

"Әйеліме хабарласып, құрбысының радикал екенін айттым. Ал әйелім оларға бұл сөзімді аферист деп айтты деп жеткізіп барыпты. Олар содан кейін маған қарсы үгітін бастаған, басына неше түрліні құйып, менің "дұрыс жолда жүрмегенімді" айтыпты", - дейді ер адам.

Соңғы жанжал бұл үйде 2016 жылдың желтоқсанында болыпты. Ербол әйеліне айтпай, балаларына жаңажылдық костюмдерді сатып алып беріп, жаңажылдық шараға жіберіпті. 

"Барлығы жақсы өтті, ал кешке әйелім шу шығарып, бетімді тырнап алды, "имансыз" деп атап, мұсылман еліне кеткісі келетінін мойындады. 2 қаңтарда "бауырларына" хабарласып, олар 15 минуттың ішінде қаланың басқа түкпірінен жетіп келді. Қатты таңғалдым. "Мұны алдын ала жоспарлағансыңдар ма?" деп сұрадым. Ол маған "Кет, мен сенімен сөйлеспеуім керек" деді. Сөйтті де киім-кешегін жинастыра бастады. Кенже баламды алып үлгердім де көлікке апарып қойдым, үлкен қызыма бара жатқанымда оны да алып кетіпті", - деді Ербол.


Суреттер жеке архивтен

Ерболдың айтуынша, үйге келген ер адамдар шын мұсылман болмайынша әйелі мен қыздарын ешқашан көрмейтінін айтқан. Кейін әйелі "бауырларын" пайдалана отырып, Ерболдың жұмыста болған сәтін пайдаланып, кенже қызын балабақшадан ұрлап әкетіпті. 

Содан бері, ер адамның айтуынша, әйелімен екі ортада ажырасу процесі жүріп жатыр екен. Ер адам әйелінің үгіт құрбаны болғанын және оны үйге қайтарғысы келетінін айтып отыр.

"Бесінші қазанда ажырасуға арыз жазды. Сотқа барып, арызды қарап көрсем, оның өзі жазбаған. Телефон соғып, сұрасам "Нағыз мұсылман болсаң, некелесеміз" деп жауап қатты. Мені оның бауырлары тексеруі керек екен. Сосын өз достарыммен емес, оның бауырларымен араласуым керек екенімді айтты. Ол арызды "бауыры" жазғанын айтты, ол өзі тек қол қойып беріпті. Ал қыздарымды оқытпай, шын мұсылман қылғысы келеді екен, өзі салафитке тұрмысқа шыққысы келеді. Олар өздері сияқты сақалды адвокат тауып алыпты", - дейді Ербол.

Ер адам қажетті органдардан көмек сұрап, адвокат жалдаған, поицияға арыз түсірген, аудандық және ювеналдық сотқа да барыпты.

"Бірінші сотымыз аудандық болды. Бар дәлелімді ұсындым. Әйелім де қорқынышты түстер көрген соң нағыз мұсылман болғанын мойындады. Сөйтіп, олар осы сотта жеңілген соң "құрбылары" оған дін тақырыбында сөз қозғама және күйеуім ұрып-соқты деп айт деп көндіріпті. Бірақ мұны дәлелдей алмады, себебі тәрбиешілер де, мұғалімдер де, көршілер де, ата-анасы да менің қандай адам екенімді біледі", - деді ер адам.

Осылай басы қатып жүрген Ербол қыздарының жиі ауырып қала беретінін және азып кеткенін байқайды. Айгүлдің өзі де ауырып жүргендіктен, ер адам үшеуін де ауруханаға жатқызыпты. Алайда бір аптадан кейін әйел қыздарын алып, ауруханадан қашып кеткен. Әйел қыздардың денсаулығы "Алланың қолында екенін" және ем-домның қажеті болмайтынын мәлімдепті.

Ер адамның айтуынша, содан бері әйелі хабарсыз кеткен.

"Қыздарымды көрмегелі көп болды, Әзірбайжанға алып кетіпті. Ата-анама да, маған да телефон соқпады. Екі сотта да жеңіп шықтым, олар болса маған қыздарымды жолатпайды. Содан бері созылып кетті, әлі де әйелімді жақсы көретінімді айтып, балаларымды үйге қатаруын сұрап келемін. Мен оған сүрелерді жаттап жүргенімді де айттым", - дейді Ербол Қасымов.

Ол жеңілгісі жоқ екенін айтып, заң тұрғысында қыздарын діни ағым әсерінен қорғап қаламын деп үміттеніп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети