25 мамыр 2022 10:11

Алматылықтар тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты көшкін болады деп қауіптеніп отыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Әлихан Сариев Сурет: Әлихан Сариев

"Алма" коттедж қалашығының тұрғындары көппәтерлі үйдің пайдалануға берілуіне қарсы болып отыр. Себебі ол тұрғындардың үйлері орналасқан беткейге салынған. Алматылықтар көшкіннің алдын алу үшін тіреу қабырға орнатуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


"Алма" коттедж қалашығының тұрғындары көппәтерлі үйдің пайдалануға берілуіне қарсы болып отыр. Себебі ол тұрғындардың үйлері орналасқан беткейге салынған. Алматылықтар көшкіннің алдын алу үшін тіреу қабырға орнатуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

"Бұдан әрі біз, тұрғындар емес, бәрін бақылауы тиіс орган МСҚБ пайдалануға беруге кедергі келтіруі қажет. Құрылыс салушылармен нысанды сүру бойынша мәселелерді сот тәртібі арқылы шешуге болады. Нөсер жауса жеткілікті, жер қозғалады. Бұл қалашықтардың қалай салынғанын және біз тұрған төбенің қалай кесілгенін көрдік. 14-15 метр төмен кесілді", - деді Әсия Дәмітова.

Тұрғындардың айтуынша, қауіпті аймақтарда онсыз да көпқабатты үйлердің құрылысы қызу жүреді. Олар тауда көпқабатты үй салуға мораторий жариялауды сұрап отыр. Тұрғындардың айтуынша, төбені сырғымаудан қазірдің өзінде отала бастаған ағаштардың тамыры ғана ұстап тұр.

Тұрғындардың шағымынан кейін қала құрылысшылары жоспардан тыс тексеру жүргізген. Олардың айтуынша, үйді жеке тұлға салып жатыр және оның тиісті рұқсаты жоқ.

"Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның шаруашылық тәсілмен салынғаны анықталды. Мердігерлік ұйымды тартпай, авторлық техникалық қадағалаусыз әрі жобалау-сметалық құжаттарсыз салынған", - деп атап өтті Алматы қаласының Бостандық және Алатау аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Әлібек Төлбасиев.

Құрылыс салушыға тіреу қабырғасын тұрғызуға және қажет құжаттарды ұсынуға бір айдан да аз уақыт берілді. Жер учаскесінің иесі мұны жасамаса, шенеуніктер сотқа жүгінуі мүмкін. Тұрғындар жақын арада ешқандай табиғат апаттары болмайтынына үміттеніп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети