28 желтоқсан 2022 12:27

Алматылықтарды аялдамадағы полиция қызметкері таңғалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көліктегі жолаушыларға ұрлықтың көбейіп кеткенін ескерткен полицей видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қоғамдық көліктегі жолаушыларға ұрлықтың көбейіп кеткенін ескерткен полицей видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті алматылықтар, қалада ұрлық дерегі жиілеп кетті. Ұялы телефон мен бағалы заттарыңызды қолдарыңызда ұстаңыздар. Сақ және қырағы болыңыздар", - дейді полицей видеода.

Видеоға пікір білдірушілер полицейдің бұл әрекеті таңғалдырғанын, бірақ бұл қалыпты жағдай болуы керек екенін жарыса жазған.

"Иә, осындай қызметкерлерге рақмет! Жаңа Қазақстан!!!".

"Жаңажылдық ертегі. Таңертең бәрінің көңілін көтерді".

"Полиция қызметкерінің автобус аялдамасында тұрып, Алматы тұрғындарына ескерту жасауы біртүрлі екен. Мүмкін, оған бірдеңе үшін осындай жаза берілген шығар?", - деп жазды желі қолданушылары.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеодағы Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкері капитан Колғанат Аяғанов екенін растады.

Мұндай ескертулер тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте қалта ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында жүргізетін алдын алу шаралары аясында жасалатыны белгілі болды. Бұл жұмысқа негізінен учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері тартылады екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети