06 маусым 2016 18:19

Алматының бас сәулетшісі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© k-pro.kz © k-pro.kz

Алматы қаласының бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарлыққа қала басшысы Бауыржан Байбек қол қойды.


Алматы қаласының бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарлыққа қала басшысы Бауыржан Байбек қол қойды.

Бас сәулетші болып Жанат Әйтілеу тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының орынбасары қызметінде болды.

Ғабит Садырбаев 1954 жылы дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы политехникалық институтты сәулетші мамандығы бойынша бітірген ол политехникалық ғылымдардың докторы дәрежесіне ие.

Ол қызметтік жолын 1977 жылы Алматы қаласындағы "Казгорстройпроект" жобасында сәулетші қызметінен бастайды. Онымен қоса, Шымкент қаласындағы "Южгорсельпроектте" директордың орынбасары қызметін атқарады. ОҚО облыстық құрылыс және сәулет бөлімдерінің орынбасары болды. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы комитетінің төрағасы, сәулет және ОҚО аумағында құрылыс әкімшілігінде, "Градостроитель и К" ЖШС жобаларының бас сәулетшісі қызметін атқарған.

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2012 жылдан бері Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып қызмет етеді.

2014 жылы "Құрмет" орденімен марапатталып, Қазақстанның құрметті сәулетшісі атағына ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети