02 мамыр 2021 11:36

Алтай Көлгінов кәсіпкерлерді ағаш отырғызуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Александр Куприенко Фото: Александр Куприенко

Алтай Көлгінов кәсіпкерлерді ағаш отырғызуға шақырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алтай Көлгінов кәсіпкерлерді ағаш отырғызуға шақырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер "жасыл аралдарға" айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан аса, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз. Бұл жасыл "оазис" қаласын құруға мүмкіндік береді", - деді елорда әкімі. 

Оның айтуынша, қаланың барлық ауданында соңғы бірнеше апта бойы "Бірге - таза Қазақстан" экологиялық айлығы өтіп жатыр. Бүгін ол "Астана Балет" маңындағы аумақта ағаш отырғызуға қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық мүшелерімен бірге Нұр-Астана мешітінің жанына, сондай-ақ ботаникалық бақта ағаш отырғызған. Бұл жұмыстарға қала тұрғындары мен еріктілер де белсенді қатысып жатыр. Әкім оларға алғыс айтты.

"Кәсіпкерлерді, СОО/СО/ШОБ басшыларын, ОСИ (ПИК) басқарушыларын іргелес жатқан аумақтарды белсенді көгалдандыруға шақырамын. Осылайша, сіз өз нысандарыңыздың эстетикалық келбетін жақсартып, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға да елеулі үлес қосасыз!", - деді Көлгінов кәсіпкерлерге.

Ол әкімдік тек саябақ аумақтарын, тұрғын үйлер мен аулаларды абаттандырып қана қоймай, сонымен қатар қаланың көрікті жерлерін де көгалдандыратынын айтты. Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында сирень бағы болады. Саябақтарда, скверлерде, бульварларда суару жүйесі 5 есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде жүзеге асырылады. 

Фото: Александр Куприенко

Әкімнің сөзінше, Нұр-Сұлтандағы экологиялық аймақтар саны жыл сайын өседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети