Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Алтын адамның" сүйектері жынысын анықтау мақсатында Дания мемлекетіне жіберілді

28 Сәуір 2016, 17:03
0

"Алтын адамның" сүйектерінің үлгісі Дания мемлекетіне сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Есік" қорық-музейінің директоры Гүлмира Мұхтарова хабарлады.

Оның айтуынша, музей Дания мемлекетіндегі мамандармен келісіп қойды. Олар Қазақстанда зерттеулер жүргізіп, "Алтын адамның" сүйектерінің үлгісін ДНҚ сараптамасына алып кетті. "Бізде олармен бірге жұмыс істеу туралы келісімшарт бар, барлығы ресми түрде. (...) Сараптама "Алтын адамның" жынысын, жасын, кім болғанын, неден қаза болғанын, оның түпкі ата-тегін анықтау үшін жасалып отыр", - деді сұхбаттасушы.

Сараптаманың нәтижелері қашан шығатыны белгісіз. "Мен олардың жұмысты бастағанын білемін. Сарапшылардың айтуынша, бұл күрделі процесс. Сүйектері нашар сақталған", - деп нақтылады Мұхтарова. Директордың айтуынша, Даниядағы мамандар сараптаманың нәтижелерін Қазақстанға өздері таныстырады. "Олар сараптаманың нәтижелерін көрсету үшін Қазақстанға ресми түрде келмекші. Бірақ біз қазір бұл туралы асығып отырған жоқпыз", - деп түсіндірді Мұхтарова. Қазір "Алтын адамның" сүйектерінің басым бөлігі "Есік" қорық-музейінде тұр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай