"Алтын Орда" базары маңындағы 10 жолақты жол қашан ашылатыны анықталды

01 Қараша, 09:26
2
"Алтын Орда" базары маңындағы 10 жолақты жол қашан ашылатыны анықталды -

"Алтын Орда" базары маңындағы он жолақты автожол салу жұмыстары 2020 жылдың соңына қарай аяқталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазавтожол"АҚ өкілдері хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, жұмыстар келісімшартта көрсетілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құжатта құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың соңына белгіленген.

"Он жолақты жол келесі жылдың соңына дейін дайын болады. Ескі жолға біз әлі тиіскен жоқпыз. Ал жаңа жоба бойынша кеңейту қажет жерде біз кеңейтеміз. Бір бөлікті учаскенің басынан бастап Ақсай көпіріне дейін жасаған. Әрі қарай "Асыл Арман" ТК-ға дейін кеңейтеміз", - деді "Қазавтожол "ҰК" АҚ Алматы ҚФ Директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

Ол "Алтын Ордада" жол айрығының жағдайы туралы да айтып берді. Құрылыс орнында екі жекеменшік жанар-жағармай құю станциясы бар.

"Жанар-жағар май станциялары әлі күнге дейін сатып алынған жоқ. Жарты жылға жуық сот жүріп жатыр. Олар баға бойынша келісе алмай отыр. Сот Қарасай ауданының әкімдігі мен жеке кәсіпкер арасында жүріп жатыр", - деді Нұрхан Ақылтаев.

Оның айтуынша, мердігерлер қыста жұмыстарды тоқтатпайды. Құрылыс негізгі эстакада мен жаяу жүргіншілер өткелінде жалғасады. Бүгінде 50 адам жұмысқа тартылған.

"Бүгінгі таңда "таға" үлгісіндегі бұрылу эстакадасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. 12-ден төрт аралық бойынша аралық құрылыс қабылданды. Сондай-ақ, автомобиль жолында жұмыстар жүріп жатыр, бүгінде асфальт төселіп жатыр", - деді ол.

Ол сондай-ақ дайын жерүсті өткелдері туралы айтты.

"Бірінші жерүсті жаяу жүргіншілер жолы бойынша "Жеті құрдас" сауда базары орналасқан учаскеде тіреуішіміз дайын, аралық құрылыстың металл конструкциясы да 100 пайызға дайын. Тіректер дайын, металл құрылымдарынан жасалған аралық құрылыстар 70 пайызға дайын. Үшінші жерүсті жаяу жүргіншілер жолы бойынша біздің тірегіміз дайын", - деді Нұрхат Ақылтаев.

Жол - Алматы-Бішкек трассасының бір бөлігі. Жұмыс 786 шақырымнан 790 шақырымға дейін жүріп жатыр.

Бұған дейін "Алтын Орда" маңындағы он жолақты жолды 2019 жылдың күзіне дейін тапсыру жоспарланғаны хабарланған еді. Жобада қоғамдық, жергілікті және транзиттік көлік үшін жолды он жолаққа дейін (екі бағыттағы бес жолақтан) кеңейту, эстакадамен бұрылу айналма жолы "таға" типі бойынша бұрылу эстакадасы және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынады деп қарастырылған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай