Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Алтын Орда" базарында тағы қандай заңбұзушылықтар болғаны айтылды 22 маусым 2022, 15:53

"Алтын Орда" базарында сауда орындарын жоғары бағада жалға берген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілі мәлімдеді, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

"Алтын Орда" базарында сауда орындарын жоғары бағада жалға берген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС қызметін тексеру нәтижесі бойынша базарға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

"Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС бұйрығына сәйкес, сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігіне 15 мың теңге, MAN, КАМАЗ автокөліктеріне 7-ден 8 мың теңгеге дейін, Sprinter 6 мыңнан 7 мың теңгеге дейін, Газельдер 5 мың теңге, жеңіл автокөліктерге 3,5 мың теңге болған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, наурызда 2021 жылдағы көтерме-әмбебап базарда көтерме сату үшін сауда орындарын ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізілген.

"Монополияны 100 пайыз акциясы бар Altyn Orda QazTrade Ltd ЖШС иеленіп отырғаны анықталды. Осы базардың маңызы және сауда орындарының жоғары бағалары азық-түлік бағасының көтерілуіне әкелетінін ескеріп, базардың іс-әрекеттерінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері анықталды", - деді монополияға қарсы қызметкерлер.

Тексеріс қорытындысы бойынша, мамырда Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалған. Материалдар Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанда әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған еді.

Сәуірде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексерістің алдын ала қорытындысы туралы айтқан еді.

Бозымбаев "Алтын Орда" Алматы мен облыс базарларының жартысынан көбін азық-түлікпен қамтамасыз ететінін атап өткен. Қазір билік базарды демонополизациялап жатыр. Елдің барлық өңірінен ірі шаруа қожалықтары, сондай-ақ шетелден импорттаушылар оған қолайлы бағамен қол жеткізе алуы керек. "Алтын Орданың" жаңа ережелерін Үкіметтің өзі әзірлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram