16 наурыз 2023 17:01

AMANAT Ақтөбе облысында: 40 мектеп пен 42 медициналық нысан салынуын қамтамасыз етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"AMANAT" республикалық сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе облысында өңір жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен және басқалармен кездесті.


"AMANAT" республикалық сайлауалды штабының мүшелері Ақтөбе облысында өңір жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, дәрігерлермен және басқалармен кездесті.

Өңір жұртшылығымен жүздесуге 300-ден астам адам қатысты. Онда штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үйге қолжетімділікті, сапалы білім беруді, инфрақұрылымды және жол жөндеуді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі басымдықтары туралы айтты.

Партиялықтар ретсіз салынған құрылыс пен тозығы жеткен инфрақұрылым адамдардың өмір сүру сапасына кері әсер ететінін атап өтті.

"AMANAT" партиясы ғимараттардың тығыз салынуын және үлестік құрылыс мәселелерін болдырмау үшін жаңа "Құрылыс кодексін" қабылдауды қамтамасыз етеді. Біз үлестік тұрғын үй құрылысындағы барлық проблемалық нысандарды пайдалануға беруге қол жеткіземіз, жеке құрылыс компанияларына әлеуметтік тұрғын үй салу үшін ынталандырулар жасаймыз. Ғимараттарды сейсмометриялық бақылау күшейтіліп, құрылыс кезінде техникалық нормалардың сақталуын бақылау қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті штаб мүшесі Бердібек Сапарбаев.

Партия алдағы 5 жылда өңірде кемінде 30 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Облыстың барлық ауданында және Ақтөбе қаласында 40 мектеп салынып, 160-тан астам мектеп жаңартылады, кемінде 2200 шақырым жолды жөндеуге қаражат бөлінеді.

Бұдан соң партиялықтар арнайы киім шығаратын кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Салада мамандардың жетіспеушілігі және тұрақты түрде ұзақ мерзімді тапсырыстардың болмауы сияқты бірқатар проблема бар. Партиялықтар жаңа жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын құруға және олардың жүктемесін ынталандыруға ниетті екенін атап өтті.

Штаб мүшелері өңірдегі мәдениет және спорт қызметкерлерімен мәдени мұраны сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлерімен кездесуде штаб мүшелері жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау партияның негізгі басымдықтарының бірі екенін алға тартты.

Алдағы 5 жылда өңірде 105 мың жаңа жұмыс орнын ашу және 55 кәсіпорында құрал-жабдықтарды жаңғырту жоспарлануда. Партиялықтар зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігіне қол жеткізетін болады.

Ақтөбе облысының медициналық қауымдастығымен кездесуде партиялықтар денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі жақсартуға қол жеткізу шараларын талқылады. Алдағы бес жылда өңірде 42 денсаулық сақтау нысаны салынады, оның ішінде облыстық қан орталығының құрылысы да жоспарланып отыр.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

"AMANAT" партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети