17 наурыз 2023 17:01

AMANAT сайлауалды бағдарламасының әрбір тармағының орындалуын қамтамасыз етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен "AMANAT" партиясының "Халықпен бірге!" форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері қатысты.


Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен "AMANAT" партиясының "Халықпен бірге!" форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде "AMANAT" Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.

"Бұл сайлау, ең алдымен аманаттықтардың мызғымас бірлігі мен берекесін, мұқалмас жігері мен рухын көрсетті. Бір айдың ішінде 30 мың кездесу өткізіп, 4 миллионнан астам адамды қамтыдық. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, азаматтардың талап-тілектерін жинадық", - деді ол.

Ерлан Қошанов "AMANAT" партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде саяси мәдениеттің жаңа трендін қалыптастырып, өзгерістердің драйверіне айналғанын атап өтті.

"Біз тарихта қалатын іс тындырып жатырмыз және оған әрқайсымыз үлес қосудамыз. Үгіт-насихат жұмысының барлық кезеңінде біз сайлаушылармен ашық әңгімелестік, дебаттарға қатыстық, кез келген алаңда қарсыластармен пікірталас жүргіздік. "AMANAT" шалғайдағы ауылда да, Тик-токта да болды", - деді ол.

Партия Төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, 19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн.

"Жауапкершілік жүгін сезінетін партия жаңа науқанға дайындық сайлаудан кейінгі күні-ақ басталатынын біледі. Сайлауалды бағдарламаның барлық тармағы толық орындалуы тиіс. Себебі, ондағы әр цифрдың артында адам тағдыры тұр. Біз алған бағытымыздан таймаймыз. Елдің мүддесі мен ұлттың болашағы жолында аянбай қызмет етуге әрдайым дайынбыз!", - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ форум барысында партиядан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Есен Елеукен, Нартай Сәрсенғалиев, Севда Әлиева, Ринат Заитов, Ольга Спирина, Жұлдыз Сүлейменова және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.

Дайындаған: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

"AMANAT" партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети