Анасы өлімші етіп сабаған бала дәрігерлерді ести бастады

26 Мамыр 2017, 16:49
0
Анасы өлімші етіп сабаған бала дәрігерлерді ести бастады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ОҚО-да өз анасы есінен танғанша сабаған бала дәрігерлердің айтқанын орындай бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұқабаевқа сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің сөзінше, бала есін жиып келеді. Ол дәрігерлердің айтқанын естіп, көзін аша бастаған. "Жағдайы жақсарып келеді. Көзін ашады, естиді және дәрігерлердің айтқанын орындайды, мәселен, саусақтарын жыбырлатып, қолын көтеруді сұрағанда. Дүйсенбіге дейін жансақтау бөлімінде болады, одан кейін не істейтінімізді шешеміз", - дейді Болат Нұсқабаев. 

Еске салайық, 1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын сабаған. Есінен танып қалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін қарағаннан кейін оған соққы жасалғанын анықтаған. Дәрігерлер полицияны шақыртқан. 

Тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды және оның қорытындысы бойынша шешесіне қатысты шара қолданылады. Тергеушілер әйелдің қамауға алынуы мүмкін екенін айтып отыр. Бала ауыр жағдайда жатыр екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның бассүйегі зақымдалған, мидың жабық жарақатын алған және мойны мен беті күйген. Мұның алдында, баланың мүгедек болып қалуы мүмкін екені айтылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай