11 қараша 2020 07:12

Антикор атыраулық мұғалімнің шағымын бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет:  pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі физика пәнінің 27 жастағы мұғалімі Арнұр Қазбековтің әлеуметтік желі арқылы ведомство басшысы Алик Шпекбаевқа айтқан шағымын бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі физика пәнінің 27 жастағы мұғалімі Арнұр Қазбековтің әлеуметтік желі арқылы ведомство басшысы Алик Шпекбаевқа айтқан шағымын бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл мұғалім "Үздік педагог - 2020" конкурсының республикалық кезеңінде жеңіске жеткен және 2,7 миллион теңге ақшалай сыйлықпен марапатталған. Алайда ол Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары облыстық кезеңдегі жеңісі үшін тағайындаған 300 АЕК көлеміндегі сыйақысын бермеді деп шағымданып отыр. Ал оның әріптестері мұндай сыйақыны алып қойған. 

Арнұр Қазбеков білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен

"Мен "Үздік педагог - 2020" конкурсының облыстық кезеңінде жеңіске жеткенімде Атыраудың бір мектебінде жұмыс істейтін едім. 2 қазанда мені Атырау облысының өкілі ретінде марапаттады, алайда жергілікті атқарушы билік берілуі керек соманы берген жоқ. Ал қалған әріптестерім 5 қазанда бұл сыйлықты алып қойды", - деп жазды Қазбеков шағымында.

Аймақтың Білім басқармасындағылар Tengrinews.kz сауалына жауапта былай түсіндірді: жергілікті атқарушы органдар мұғалімдерге 300 айлық есептен кем емес көлемде ақшалай сыйақы беріп, қосымша ынталандыруға құқылы. Бірақ оны беру-бермеуді өз бетінше шешеді.

"Оның үстіне ол 1 қыркүйекте басқа қалаға көшіп кетті. Яғни 5 қазанда біз басқа мұғалімдерді марапаттағанда ол біздің мектепте жұмыс істеген жоқ", - деп жауап берді басқармадағылар.

Бұл шағымды Антикор қызметінің басшылығы бақылауға алды.

"Бұл шағым Атырау облысының Білім басқармасына қарау және шара қабылдау үшін жолданды", - деп жауап берді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети