Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz/Әлихан Сариев © Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда құлаған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда құлаған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұшақ ұшуға толық көлемде техникалық қызмет көрсетуге дайындалды. Комиссия кемені ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңдеу жөніндегі жұмыстар ішінара орындалғанын атап өтеді. Кеме командирінің шешімі бойынша тек тұрақтандырғышты өңдеу туралы шешім қабылданды, ұшақтың 1 қанатын ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген", - деді премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол арнайы комиссияның ұшақтың жанасу орындарын, кеменің жағдайын анықтап, экипаждың дайындығын тексеріп, метеожағдайға талдау жасады.

"Экипаж және техникалық жағдай тарапынан ескертулер табылған жоқ", - деді Скляр

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко қатысып жатыр.

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған болатын. "Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деген еді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастаған еді. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған болатын. Кейінірек Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer