30 тамыз 2021 19:00

Әр отбасына әке тәрбиесі керек. ER-BATYR жобасында Арман Уахап

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Батыр боламын" қоғамдық қорының президенті Арман Уахап. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімеде ол қор құру идеясы қалай пайда болғанын, неге спортқа мән бергенін, сондай-ақ ер адам бала тәрбиесіне белсене қатысуы және Қазақстан үшін ақылды және саналы батырлар көп болуы неге маңызды екенін айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Батыр боламын" қоғамдық қорының президенті Арман Уахап. Жүргізуші Тимур Балымбетовпен әңгімеде ол қор құру идеясы қалай пайда болғанын, неге спортқа мән бергенін, сондай-ақ ер адам бала тәрбиесіне белсене қатысуы және Қазақстан үшін ақылды және саналы батырлар көп болуы неге маңызды екенін айтты. Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан көріңіздер.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы "Батыр боламын" қорын ашу идеясы қалай пайда болғанын айтты. "Қазіргі таңда біз "Батыр боламын" қоғамдық қорымыз, мақсатымыз - ауылдық жерлерден, қаладан шалғай жерде, балалар үйінен, аз қамтылған жетім балаларға спортзалдар ашу. Бір статистиканы естіген кезде қиналдым. Балалар үйінен шыққан жігіттердің сотталу статистикасы жоғары болды. Соның себебін іздедім. Жезқазған қаласындағы балалар үйінің директорымен сөйлестім. Мән-жайын біліп, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан облысындағы барлық балалар үйін аралап шықтық. Сол статистиканы азайту мақсатында осы жерлерден спортзал ашуды жоспарладық", - деді ол.

Сондай-ақ, Арман бұл қызметінде неге спортқа мән бергенін түсіндірді: " Ер азаматтарды көбіне спорт жақсы тәрбиелейді. Спортта тек бұлшықетті шынықтырмайды. Бұл мінезді қалыптастырады, ол өмірдегі қиыншылықтардан өтуге көмектеседі. Жеңіліс бар жерде жеңіс бар. Жеңістен кейін босаңсуға болмайды, әрі қарай жұмыс істеу керек. Спорт тәртіпке, жаттығуға уақытлы келуге үйретеді. Жаттықтырушының сабағын тек спортта емес, өмірде, бизнесте, отбасы ішінде және жұмыста қолданса, бұл өте керемет".

Жоба қонағының пікірінше, бала тәрбиесінде ер адамның ролі маңызды. "Тарихи тәрбиені қарайтын болсақ, барлық жерде ер азамат тәрбиелеген. Батырлар, әке тәрбиелеген. Бірақ қазіргі таңда балабақшадан бастап мектепке, университетке дейін барлық жерде әйелдер тәрбиелейді. Әке-шеше баласын мектепке бергенде қуанады. "Балам шошақай еді, қазір басылып қалды, жақсы болды" дейді. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Баланың ынтасын кішкентай кезден басып тастауға болмайды. Соның кесірінен олар отбасында, кәсіпте, баласының тәрбиесінде мойнына жүк алуға қорқады. Соның бәрінің әсері қазір отбасылық қиын жағдайларға, жетім балалардың көбеюіне әкеліп соғып жатыр. Соның басты ұйытқысы, менің ойымша, ер адамдарға байланысты", - деді ол.

Арман қазір Қазақстанда саналы, салиқалы батырлар көбейгенін қалайды: "Ел тізгінін ұстай алатын, жауапкершілікті, елімізге түскен әрбір жағдайды өз мойнына ала алатын батыр болғанын қалаймын. Бізде саналы халқымыз, саналы азаматтар саны көбейсе деймін. Біздің барлық салт-дәстүріміз жаңғырса, тіліміз күшейсе деймін, бәрімізге қазір осы мәселе ыстық шығар. Егер де бізде елім, жерім дейтін азаматтар көп болса, онда жерімізге сырттан ешкім түспейді. Қарындасым дейтін ер азаматтар болса, қыздарымызды ешкім ренжітпейді. Біз мықты болсақ, қарындастарымызды ешкім ренжіте алмайды. Біз мықты болсақ, елімізді ешкім шайқатпайды. Сырттан келген жау бізді ала алмайды. Оған ақылмен, біліммен, намыспен жете аламыз. "Мен қазақпын" деп кеудені ұрғаннан ештеңе болмайды. Бірінші өзіңді тәрбиелеуің керек. Қазақ қазақты сыйламаса, елімізді, жерімізді баптамасақ, күтпесек, қалай болса, солай қарасақ, басқалар қалай қарайды? Сондықтан барлық нәрсенің түпкі тамыры, менің ойымша, біздің азаматтарымызға байланысты. Ер азаматтарымыз, ер батырларымыз көп болсын!".

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети