28 желтоқсан 2020 09:00

Ар-ұятпен тартысқа түсетін кездер болады. ER-BATYR жобасында Әлішер Елікбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында қандай жағдайда ар-ұятымен тартысқа түсетінін, жемқорлық пен пара беру деңгейіне түспеу қаншалықты маңызды екенін және неліктен Қазақстан Дубайға айналғанын қаламайтынын айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.


ER-BATYR жобасында коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында қандай жағдайда ар-ұятымен тартысқа түсетінін, жемқорлық пен пара беру деңгейіне түспеу қаншалықты маңызды екенін және неліктен Қазақстан Дубайға айналғанын қаламайтынын айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Эфир қонағы Қазақстанда ешқандай таныссыз, пара бермей-ақ табысты адам болу мүмкін екенін дәлелдеп келе жатыр. 

"Маған қазіргі жағдайымды ешкім жасап берген жоқ, оның бәрін өзім қалыптастырдым. Мен ешқашан өзімді жемқорлық, пара беру не тағы басқа деңгейге түсуге тырыспадым. Мысалы 15 жыл бұрын ондай жолды таңдау мүмкіндігі көп болған кезде мен ештеңеге қарамастан, ақша керек болса да келіспедім, бірақ менің жанымда ондай ұсыныстарға келіскен адамдар болды және мен ол адамдарды білетінмін. 15 жыл бұрынғы жағдайда олар жеңілгенін білемін, ондай адамдар қазіргі нарықта жоқ. Сондықтан менің тактикам сенімдірек болатын - өз атыңа жұмыс істеп, "өтініш, ондай сұрақтар бойынша маған келмеңіздер" деп айтасың. Сосын нарықтан сенімен жұмыс істегісі келетін шыншыл, парасатты адамдарды көре бастайсың", - дейді ол. 

Әлішер Елікбаевтың сөзінше, ол үнемі клиенттерді дұрыстап таңдап, нарықта кіммен жұмыс істегісі келетінін не жұмыс істегісі келмейтінін түсінеді.

"Маған бәрібір, есесіне мен жақсы жұмыс істеймін" деп айтатындай ақшаның буына алданып қалатындай кез болмады. Бірақ кейде нарықта менің реакциямды күтетіндей жайттар болып жатады. Мысалы жақында оталған ағаштарға қатысты менің ойымды сұраған сәттер. Ал мен жақында ғана сол компанияға басшылық лауазымға тағайындалған қызбен бірге жұмыс істегенмін және мен оған зиян келтіргім келмеді. Мен ол бір кездері жақсы араласқан менің әріптесім деп ойладым. Яғни ар-ұятпен тартысқа түсетін кездер болады", - дейді ол.   

Спикер некеге қатысты мәселеде қандай жағдай болса да отбасын сақтап қалу дұрыс емес екенін айтады:

"Мен демократпын, отбасы екі адамның да көңілінен шығуы керек, ешкім ешкімге шыдап жүре бермеуі керек. Сондықтан адамдар ажырасу процесіне сабырмен қарайтын болған деп ойлаймын. Әрине, бірге тұрып, бақытты әке, күйеу болғың келеді, бірақ олай болмаса, қандай жағдай болса да бірге қалу дұрыс емес. Меніңше, ажырасу - ешқандай жанжал, ұрсыссыз, тіпті мүлікті бөлісу болмаған кезде өркениетті шешім болады. Сондықтан 100 пайыз ата-анам секілді өмірі бірге тұрып, қандай жағдай болса да отбасын сақтап қалуға келісемін деп айта алмаймын. Егер махаббат, бір-біріне деген қызығушылық жоғалса және әйеліңмен не туралы сөйлесуге болатынын білмесең екі жаққа кету керек", - дейді Әлішер Елікбаев. 

Әлішер Елікбаев оны халықтың танығаны қаншалықты маңызды екенін айтты. 

"Адамдар мені танып, суретке түсуді сұраған кезде рахаттанамын. Бірақ артымнан әңгіме айтып жатқан кездер де болады. Мен оларды естімей тұр деп ойлайтын шығар не әдейі істейтін шығар. Бірақ мен адамдардың назарын қуып қалған адам емеспін. Өзім барып: "мені таныдыңыздар ма?" деп айтпаймын. Ол ақымақтық қой. Таныды ма - жақсы, танымаса - әрі қарай кете беремін", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Әлішер Елікбаев Қазақстанның болашағын қалай елестетінін айтты: 

"Көп адам Қазақстан Дубай секілді болуы керек деп ойлайды, ал маған Дубай онша ұнамайды және біз неліктен соған еліктейтінімізді түсінбеймін. Бұл мәселеге келгенде мен скандинавша ойлаймын. Мен hygge-ты ұнатамын. Яғни бізге бірнәрсені қандай да бір сән бұйымы, көлік не киім арқылы дәлелдемеу керек. Әрине өзіңе қатты сенімді болып кетпей, қазақтар бәрінен күшті екенін дәлелдеу емес. Біз толыққанды ел болсақ - бұл өте маңызды", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети