“Арал теңізі салғырттықтың салдары“ - Тоқаев су қауіпсіздігі мәселесіне назар аударды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Арал теңізі салғырттықтың салдары“ - Тоқаев су қауіпсіздігі мәселесіне назар аударды Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі туралы айтып, су қауіпсіздігіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі туралы айтып, су қауіпсіздігіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің сөзінше, су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты.

"Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді.

Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз", - деді Президент.

Еске салайық, бүгін, 22 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп бірқатар маңызды тақырыптарды көтерді.

Жиын алдында мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.37   546.88   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер