Алматы әкімінің баспасөз қызметіндегілер Арбаттағы фонтандардың не себепті алып тасталғанын айтты, - депр хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімінің баспасөз қызметіндегілер Арбаттағы фонтандардың не себепті алып тасталғанын айтты, - депр хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз қызметінің өкілдері 2017 жылы алматылықтардың үйреніп қалған демалыс орнындағы үш субұрқақтың реконструкциясы жоспарланғанын, алайда жылдар өтіп, өңі қашқандықтан жөндеуді қажет еткен.
"Переговорный пункт" фонтаны Жібек жолында орналасқан "Арбатта", Байсейітов пен Панфилов көшелерінің аралығында. Фонтан екіге бөлінген. Фонтан тұрған жердің аумағы 0,216 гектар", - делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, мына жұмыстар жоспарланған: Сыртқы және ішкі қабырғаларын беттеу, еденін және қабырғаларын мәрмәр тастармен су жұқпайтындай жабу, сондай-ақ, мәрмәр плиталарынан жабу элементтері бар жақтау құрылғысын орнату; мүсін композициясын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары; субұрқақ қондырғыларының құрылғылары; көгалдандыру.
Қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдай жасау мақсатында бұл жердегі фонтандардың айналасын көгалдандыру, түрлі ағаштар мен ағаш бұталар отырғызу, көгал өсіру жоспарланғаны айтылады. Ағаш пен бұта тұқымдарын сұрыптау кезінде жергілікті климат жағдайы ескеріліпті. Айтуларынша, орнатылатын барлық фонтанда түрлі түсті жарық көркем безендіру қарастырылған.
Еске салайық, Арбаттағы фонтандар 21 маусымда алына бастаған еді.