Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігіндей ұлы болуы тиіс - Назарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты шара соңында Елбасы "Студенттер" саябағындағы шатырлар қалашығына барды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйледі.


© Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне алғыс айтып, құттықтауын жеткізді, сондай-ақ олардың жауға қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығын атап өтті.

"Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоғын қойып, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ондаған миллион адамның өмірі қиылған ең қанқұйлы соғыс болғанын атап өтті.

"Қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар да болды. Республикамыздың 6 миллион халқының 20 пайызы майданға аттанды. Олардың жартысы қайта оралған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Жеңістің Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы тағдыршешті рөліне тоқталып, оған ел халқының бірлігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

"Біздің ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерлігінен кем түспеуге тиіс. Жеңіске ең алдымен еліміздегі барлық халықтың бірлігінің, бауырмалдығының және достығының нәтижесінде қол жетті. Біз қазір де осы ұранмен өмір сүріп келеміз" - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer