"Арманымдағы Қазақстан" байқауының аяқталуына 11 күн қалды

19 Шілде, 15:09
0
"Арманымдағы Қазақстан" байқауының аяқталуына 11 күн қалды -

"Арманымдағы Қазақстан" байқауының аяқталуына 11 күн қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Байқауға қатысу үшін Қазақстанды 20, 50, 100 жылдан соң қалай елестетеніңізді суретке салу қажет. Байқауға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. 2019 жылдың 18 маусымынан 30 шілдесіне дейін artdream.kz сайтында өтініш қалдырып, суретіңізді жолдай аласыз. Ұйымдастырушылар үздік жұмыстарды іріктейді. Сондай-ақ, сайтта жұмысы жарияланған қатысушылардың барлығына кепілдендірілген 20 мың теңге берілетіні айтылады. Байқаудың ережелерімен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Айта кетейік, суреттер екі санат бойынша қабылданады - сандық және бейнелеу өнері. Әр санатта үш жүлделі орын бар: 1-орынға - 300 мың теңге, 2-орынға - 200 мың теңге, 3-орынға - 100 мың теңге. Бұдан бөлек, "Интернет таңдауы" санаты бойынша жүлде беріледі, яғни онлайн дауыс беруге болады. Онлайн дауыс беру 1-14 тамыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры - 1,2 миллион теңге.

"Арманымдағы Қазақстан" - еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты суретшілерге арналған Alash Media Group холдингінің жобасы. Мақсаты - қоғамның сан қырлы екенін және тек алға ұмтылатынын көрсету.

Жобаның серіктесі - ERG компаниясы. Байқау қорытындысы бойынша үздік суреттер ERG компаниясы жұмыс істейтін кәсіпорындарда өтетін көрмелерге қойылады.

Құрметті қазақстандықтар, сіздер шөберелеріңіз, шөпшектеріңіз және олардың шөберелері бақытты өмір сүретін елді бейнелей аласыздар. Бірге қиялдайық!


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай