09 мамыр 2018 20:26

Армян генерал-полковнигі 32 жылдан соң Алматыда оқыған училищесіне келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аида Бектурова © Аида Бектурова

Әскери білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясында Құрлық әскерлерінің Әскери институтына Армения Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Мовсес Акопян іс-сапармен келіп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі институтуның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Әскери білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясында Құрлық әскерлерінің Әскери институтына Армения Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Мовсес Акопян іс-сапармен келіп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі институтуның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мовсес Акопян 1965 жылы Таулы Қарабақ автономиялық облысындағы Мартунин ауданы Чартар ауылында дүниеге келген. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап армениялық әскери қолбасшы, Армения Ресбуликасының Қарулы күштері Бас штабының басшысы. 2007-2015 жылдары аралығында Таулы Қарабақ Республикасының Қорғаныс министрі болған ол 2017 жылы Генерал полковник шенін алды. 

1982 жылы Чартар ауылында орта мектепті тәмамдап, Алма-Атадағы Кеңес одағының маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесіне оқуға түскен. 1986 жылы сол училищенің түлегі атанған. Өзі оқыған білім мен тәртіп ордасына 32 жылдан соң келген генерал полковник әскери институтының оқу-материалдық базасымен танысып, институттың мұражайында, тренажерлар және спорт кешенінде, курсанттар казармасында болды.

"Құрлық әскерлерінің Әскери институты - кәсіби біліктілігі жоғары офицерлер мен көптеген мықты мамандарды даярлап шығарып отырған әскери білімнің қара шаңырағы болып табылады. Осы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының, алғашында И.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы әскери командалық училищесінің менде бір түлегімін. Бүгін, міне 32 жыл өткен соң мен осы қара шаңараққа қеліп, аралап көңілімнің толқуын жеткізе алмай отырмын. Өзім білім алған сыныптарды аралап, казармамды көріп, өзім жатқан төсектің жанында отырып, небір естеліктер есіме тусіп қобалжып отырмын, курстастарымды көріп қатты қуандым", - дейді Мовсес Акопян.

Армения Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Мовсес Акопянның курстасы, Құрлық әскерлерінің Әскери институтының ардагері, запастағы полковник Игорь Анатольевич Федоренко Мовсес Грантович тұралы келесі естеліктерімен бөлісті.

"Мовсес екеүміз бірінші курстан бірге оқыдық. Курсанттық өмірді бірге кештік. Курсант кезінен Мовсес өте зерек болды. Біздің курсанттық ұжымның ұйытқысы болған. Еңбексүйгіштігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, әділдігімен және қайсарлығымен курстастрының арасында көзге түсе білді. Сол кезден оның бойында көшбасшылық қабілеттері басым болған. Бүгін міне, менің досымның өз мемлекетінде осындай биіктерге жетіп, әскери салада жауапкершілігі мол бір лауазымды мүлтіксіз орындап отырғаны қуантады", - деді Игорь Анатольевич.

Іс-сапар барысында Армения Республикасының Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Мовсес Акопян Құрлық әскерлерінің Әскери институтының білім беру жүйесіне жоғарғы баға берді. 

 


© Аида Бектурова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети