27 қазан 2023 16:09

Арнайы операция: ШҚО-да кәсіпкерді бопсалаған криминалитет өкілі ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ШҚО-да криминалитет өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған күдікті мен облыс орталығының тұрғыны Өскемен қаласының кәсіпкерін бопсалаған.

ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны өзінің қылмыстық ниетімен облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласып, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытып, оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта ресімдеуге мәжбүрлегенін анықтаған.

"Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де ұсталды, олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Әрі қарайғы тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети