"Арқанкерген": Денис Рейдің анасы жоғалған ұлы үшін 20 миллион теңге талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арқанкерген": Денис Рейдің анасы жоғалған ұлы үшін 20 миллион теңге талап етті Татьяна Рей. Youtube.com бейне кадрынан алынды

&quotАрқанкерген&quot шекара бекетінде қызмет еткен шекарашы Денис Рейдің анасы ұлын жоғалтқаны үшін Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінен 20 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шакарашының анасы Татьяна Рейге сілтеме жасап.


&quotБіз бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бас әскери басқармасы мен №2484 әскери бөлімінен моралдық залалды өндіру үшін сотқа талап-арызбен жүгіндік. Мен баламды жоғалтқаны үшін 20 миллион теңге өтемақы талап етемін&quot, - деді &quotАрқанкергенде&quot қызмет еткен шекарашының анасы.

Оның айтуынша, ақша ол үшін маңызды емес. &quotМен үшін бұл ақша маңызды емес. Тек бұл баламнан айырғандарды жауапқа тартудың жалғыз жолы болып тұр. Сеніңіздер, мен мұндай бағамен әділеттікке жеткім келген жоқ еді, бірақ өкінішке қарай, осылай жасауға мәжбүр болдым. Қазір бізді, &quotАрқанкерген&quot шекара бекетінде болған балалардың ата-аналарын бәрі ұмытып кетті. Ал мен әлі күнге дейін баламның қайда екенін білмеймін, енді біле де алмайтын шығармын&quot, - дейді Татьяна Рей.

Астана қаласындағы сарбаздар аналары комитетінің төрайымы Людмила Костенконың айтуынша, бұл талап арызды елорданың Сарыарқа аудандық соты қарайтын болады. &quotМен Татьяна Рейдің мүддесінің өкілі ретінде сот оның талабын қанағаттандыру үшін барымды салатын боламын. &quotАрқанкерген&quot шекарашыларының басқа ата-аналары да оның осы үлгісін қолданатынына сенімдімін&quot, - дейді Костенко.&nbsp

Осы ретте Татьяна Рей сотқа баласының із-түссіз жоғалғанын мойындау туралы талап арызбен жүгінгенін хабарлады. Бұдан бұрын Рей ҰҚК Шекара қызметінен ұлының қазасы үшін өтемақы талап етуге ниетті екенін мәлім еткен болатын. Ол моралдық шығынды төлету үшін сотқа талап арыз беруді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Еске сала кетейік, &quotАрқанкерген&quot шекара бекетіндегі жан түршігерлік оқиға 2012 жылдың 30 мамырында болған. Өртеніп кеткен бекеттен 14 шекарашы мен қорықшының денесі табылған. Кейіннен шекарашы Владислав Челах ұсталды. Оны қызметтестерін өлтірді деп айыптады. 2012 жылдың желтоқсан айында ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал Челахтың қорғаушысы Сәрсенов БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жазды.

&nbsp

&nbsp

Читайте также

Валюта бағамы

 465.74   531.08   5.92 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +26
Ақтау +36
Ақтөбе +32
Атырау +37
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +28
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +34
О
Орал +26
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер