08 желтоқсан 2022 12:54

"АрселорМиттал" Қазақстанда жұмыс істей ме деген сұрақ туындайды - Өскенбаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін "АрселорМиттал Теміртауда" болған апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін "АрселорМиттал Теміртауда" болған апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында сөйлеген сөзінде Қайырбек Өскенбаев мұндай оқиғалар барша қазақстандықтардың наразылығын тудыратынын айтты.

"Осы қайғылы оқиғаға қатысты көз жұмған жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Шынында да "Арселор Миттал Теміртаудың" жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай қаза болған жұмысшының жақындарымен қатар, бүкіл қазақстандықтарға да ауыр тиюде. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр. Олар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылдайтынына сенімдімін. Негізі "АрселорМиттал" Қазақстанда жұмыс істей ме деген сұрақ туындайды", - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети