20 желтоқсан 2017 13:55

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры кеншілердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Парамжит Калон кеншілердің ереуіліне байланысты биылғы өндірістік жоспардың орындалмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Парамжит Калон кеншілердің ереуіліне байланысты биылғы өндірістік жоспардың орындалмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Биыл біздің міндет - 4,2 миллион тонна берік болат пен 10,5 миллион тоннадан аса қатардағы көмір өндіру болған, осы мақсатқа сеніммен жылжып келе жатқан едік. Алайда осы болған жағдайларға байланысты мақсатымызға жете алмаймыз", - деді Калон компания қызметкерлеріне айтқан үндеуінде.

Кәсіпорын басшысы 2016 жылы компанияның 4 миллион тоннаға жуық берік болат өндіргенін, мұның 2007 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

"Компаниямызға инвестиция бөлу туралы басшылықпен келіссөз осы жағдайларға байланысты өте күрделі болды, бірақ экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, оны көндіре алдым, енді әрмен қарай да мүмкіндігіміз жеткен жерге дейін жұмыс істеуге дайынбыз, себебі компания қаржылай табыс көріп, жұмысшыларды да, олардың отбасын да, компанияны да бай-қуатты етуіміз қажет", - деп атап өтті Калон.

Оның мәліметінше, өткен күзде алдағы бес жылға инвестициялық жоспар бекітілген. 

"Болған жағдайға қарамастан, осы жоспар бойынша 2018 жылы компанияның дамуына 450 миллион доллар бөлінеді (150 миллиард теңге). Оның 340 миллион доллары заманауи технологиялардың дамуына капитал жұмсалымы (оның шамамен 40 миллиард теңгесі көмір департаментіне арналған), ал 110 миллион доллар операциялық өзін-өзі өтеушілікке бөлінеді", - деді кәсіпорын басшысы.

Ал өз кезегінде ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерінің жыл соңына дейін металл өндіру бойынша жоба көлемін орындап шығуға міндетті екенін мәлімдеді. 

Мәжіліс отырысынан тыс уақытта министрге Қарағанды облысындағы кеншілердің ереуілі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысына қалай әсер еткені жайлы сұрақ қойылды. "Ереуілдер "АрселорМиттал Теміртаудың" өндірістік көрсеткішіне еш әсер еткен жоқ. Біздің ойымызша, компаниядағылар жыл соңына дейін көмір табу мен металл өндіру бойынша жобаны аяқтау тиіс. Компания басшылығы осындай мәлімдеме жасады", - деді министр Қасымбек.

11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған болатын. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен.

Ал 15 желтоқсанда Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кеншінің шахталардан шыққаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, кейінірек ереуілдеген кеншілер мен "АрселлорМиттал Теміртау" басшылығының қандай келісімге келгені айтылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети