"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Amanat партиясынан сайланған мәжіліс депутаттары 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын талқылады. Бұл ретте депутат Юлия Кучинская ресми статистикаға күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Amanat партиясынан сайланған мәжіліс депутаттары 2029 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын талқылады. Бұл ретте депутат Юлия Кучинская ресми статистикаға күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Статистикамызға қарасақ, біз түрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз. Жалақының орташа деңгейі - 340 мың теңге, мысалы, мен бүгін халықтың басым бөлігі осындай жалақы алатынына қатты күмәнданамын. Шынында, халықтың көп бөлігі бұдан 3-4 есе аз алады", - деді Кучинская.

Парламентарий жұмыссыздықтың ресми деңгейіне де күмән келтірді.

"Бір қызығы, он жыл бойы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне ешқандай факторлар әсер етпейді: пандемия да, экономикалық дағдарыс та. Біздің жұмыссыздық деңгейіміз әрқашан 4-5 пайыз аралығында тұрақты. Біз елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы нақтылықты көрсететін статистикаға қашан сүйенетінімізді түсіндіре аламыз ба?" - деп сұрады депутат.

Кучинскаяның сұрағына Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов жауап беруге тырысты. Оның айтуынша, қазақстандықтардың жалақы деңгейін есептегенде олар орташа арифметикалық мәнді назарға алады, ал жалақы ауқымы іс жүзінде көп.

"Ең төменгі жалақыны, 70 мың теңгені кәсіпорын қызметкерлерінің шамамен 5-6 пайызы алады. Жоғарғы шекарада, яғни ең жоғары жалақы алатын 5 қызметкердің жалақысы 565 мың теңгеден және одан жоғары басталады. Айына миллион, екі миллион және одан да көп алатындар бар", - деді Шаймарданов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer