07 қараша 2016 13:03

Әсет Исекешевтің айлығы Бауыржан Байбектің жалақысынан жоғары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов Әсет Исекешев. © Тұрар Қазанғапов

Әсет Исекешевтің айлығы Бауыржан Байбектің жалақысынан жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әсет Исекешевтің айлығы Бауыржан Байбектің жалақысынан жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің өкілдері жалақы көлемінің жұмысшының мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты болатынын айтып берді.

"Жарлыққа сәйкес, әкімнің және оның орынбасарларының жалақы көлемі келесідей: Астана әкімінің жалақысы - 953 260 теңге, бірінші орынбасары - 689 960 теңге, орынбасарлары - 477 591  644 796 теңге аралығында, бұл мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты анықталады", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.

Ведомство өкілдері елорда әкімдігінің сыйақы алмайтынын атап өтті.

Осыған дейін тілшілер Алматы әкімінің жалақы көлемін анықтаған болатын. Бауыржан Байбек айына шамамен 600 мың теңге алатынын хабарлаған. 

Ал оның алдында Ақтөбе облысының әкімі 863 мың теңге жалақы алатынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети