25 қыркүйек 2020 16:10

"Асфальт-кілем". Тағы бір ауылда жол сапасы сынға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Түлкібас ауылының тұрғындары көшелердің біріндегі жаңа жолды кілем сияқты көтеруге болатынын айтып, видео түсірген. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы Түлкібас ауылының тұрғындары көшелердің біріндегі жаңа жолды кілем сияқты көтеруге болатынын айтып, видео түсірген. Әкімдік жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа асфальттың видеосы бір күн бұрын әлеуметтік желілерде пайда болды. 

"Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Түлкібас кенті. Бүгін, 23 қыркүйекте жаңа асфальт төселді. Асфальттың сиқы осы. Оны палас сияқты жинап алуға болады. Бәрі көтеріліп тұр", - дейді видео авторы.

Түркістан облысының әкімдігі видеоға түсініктеме берді.

"13 мамырдан бастап Түлкібас кентіндегі Жамбыл көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың аяқтау мерзімі - осы жылдың 1 қазаны. Мердігер мекеме - "Нұрлы Жол" ЖШС, жетекшісі - Жадығаров Сырлыбай Үмбетұлы.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, осы көшедегі жұмыстар асфальтты қабатқа дейін аяқталды, алғашқы тегістейтін асфальт қабаты төселіп жатыр.

Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін қалыңдығы бес сантиметр болатын тегіс, екінші асфальт қабаты төселеді. Жоғарыда аталған жұмыстар Жол активтерінің сапасы бойынша ұлттық орталықтың зертханалық тексеруінен кейін ғана қабылданады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, мұндай жағдай Маңғыстау облысында да болған. Шілдеде Мұнайлы ауданының тұрғындары асфальт-кілем туралы хабарлаған болатын. 

Содан кейін мердігерлер бәрін дұрыс жасағандарын айтып, тұрғындардың жала жапқанын хабарлаған. Бірақ сараптама олардың жұмысында өрескел бұзушылықтарды анықтады және компания бәрін қайта жасауға мәжбүр болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети