28 наурыз 2021 19:00

Ашу - ол да есірткі. ER-BATYR жобасында Антон Гордеев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - "Свободные люди" нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегетін адамдарды оңалту орталығының директоры, тәуелділікті емдеу клиникасының бас директоры Антон Гордеев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен адамдарға көмектесе бастағаны, тәуелді адам кінә және ұятты сезінуі, қоса тәуелдік, сондай-ақ неліктен ашу - есірткі екені туралы әңгімелесті. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар. 


ER-BATYR жобасында - "Свободные люди" нашақорлық пен алкоголизмнен зардап шегетін адамдарды оңалту орталығының директоры, тәуелділікті емдеу клиникасының бас директоры Антон Гордеев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен адамдарға көмектесе бастағаны, тәуелді адам кінә және ұятты сезінуі, қоса тәуелдік, сондай-ақ неліктен ашу - есірткі екені туралы әңгімелесті. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Бұған дейін есірткіге деген тәуелдікпен күрескен эфир қонағы тыйым салынған заттарды қолданған кезде қандай сезімде болғанын айтты. 

"Әрине, ұят, қорқыныш және кінә сезімі үнемі болатын. Ал есірткінің міндеті - соның бәрін сездірмеу еді. Бірақ оны көп қолданған сайын, оны көбірек сезінген сайын шын мәнінде проблема көбейе түседі. Өзіңнің жағдайыңды, көңіл-күйіңді өзгерту үшін, ұят және кінәлі болуды сезінбеу үшін көбірек қолдануға тура келеді", - дейді ол.    

Антонның сөзінше, ашу - ол да есірткі.

"Білесіз бе, ол тұрмыстық зорлық мәселесі секілді: бәрі жәбірленушіні қолдап, зорлық жасаған адамға да көмектесу керегін түсінбей жатады. Ол адаммен ешкім жұмыс істемейді. Тек жәбірленушімен емес, зорлықшымен де жұмыс жүргізу керек. Себебі ашу да есірткі секілді, оған үйренісіп кетуге болады. Неліктен ашулы адамдармен олар есін жоғалтпай тұрып есірткіге тәуелді адамдар секілді жұмыс істемеске?", - дейді спикер.     

Сондай-ақ Антон қоса тәуелдік деген не екенін түсіндірді. 

"Қоса тәуелді деген есірткіге тәуелді адаммен ұзақ уақыт бірге тұрған адамды айтады. Ол, әрине, ата-анасы, жұбайы, баласы, тіпті жақын достары да болуы мүмкін. Жалпы ол тәуелді тұлғаның бұзылуы бар адамдар. Қоса тәуелді адам тәуелді адамның тәуелдігіне демеу жасайды, себебі бұл ең алдымен сол адамға тиімді", - дейді ол. 

Сонымен қатар, эфир қонағы неліктен адамдарға көмектесіп жүргенін түсіндірді. 

"Менің жағдайым нашар болған кезде, мен ол кезде тәуелдіктен арылғаныма біраз болған, біреуге жағдайым туралы айтқанымда, ол маған біреуге көмектесуге кеңес берді. Мен ол адамнан: "Егер өзім әзер жүрсем, басқаға қалай көмектесемін?" дедім. Ал табиғатта бәрі керісінше қалыптасқан: егер өзің бір проблемаңды шеше алмай жүрсең, қиналып жүргенде жағдайы нашар адамды кездестіріп қалып, оны тыңдап, өз мәселеңнен шығып кетесің, осылайша табиғатта бәрін өз орнына қоюға мүмкіндік болады", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмаше, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети