13 қазан 2016 20:21

Асқар Мамин ЕЭК кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов Асқар Мамин. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы Жарлығына сәйкес Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл қызметтен Бақытжан Сағынтаев босатылды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы қаулыға 7 қазанда қол қойған. "Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің өкілдіктерінен босатылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети