26 ақпан 2021 14:51

Әскерден ақша беріп құтылуға тырыспау керек - Сәкен Жүсіпов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қарулы Күштер Бас штабы қазақстандық жастарды әскерге шақыруды ақша беріп кейінге қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарулы Күштер Бас штабы қазақстандық жастарды әскерге шақыруды ақша беріп кейінге қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әскери қызмет әрбір азаматтың заңды түрде белгіленген міндеті. Одан жалтару құқықтық салдары бар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейді. (...) Еліміздің барлық тұрғынына үндеу жолдаймын: ақша сұрап, көмек көрсетуге уәде берген адамдар арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешуге тырыспаңыздар. Көп жағдайда ондай іспен алаяқтар айналысады. Олар әскерге шақырылған адамдардың жаңдайын пайдаланып алдау әркетін іске асырады", - деді ОКҚ брифингінде Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығы Сәкен Жүсіпов.

Жүсіпов әскерге шақырылған азаматтарды комиссия мүшелері құжаттарын тексеру кезінде қарулы күштердің қай түріне сәйкес келетінін анықтайтынын айтты.

"Білімі, мамандығы, денсаулық жағдайы ескеріледі. Жоғары білімі бар әскерге шақырылғандар мамандығы бойынша оқу бөліміне жіберіледі. Яғни, мамандығына, біліміне байланысты. Математика, физика, инженерлік-экономика факультетін бітірген әскерге шақырылған ер балалар радиотехникалық әскерге, зениттік-зымыран, байланыс бөліміне жіберіледі.

Механикаландыру, электрлендіру факультетін бітіргендер бар. Олар танк, авиациялық бөлімге жіберіледі. Медицина немесе фармацевтика факультетін бітіргендер кіші медициналық мамандар қызметіне жіберіледі", - деді ол.

Қазақстанда 1 наурыз бен 1 шілде арасында қазақстандықтарды әскерге шақыру бойынша көктемгі науқан өтеді. Көктемде басталатын әскерге шақыру науқанын 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған, осы уақыт аралығында 18 бен 27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан аса адам борышын өтеуге шақырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети