1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды 01 наурыз 2021, 13:31

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстанда әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18-27 жас аралығындағы 13 500-ден аса жігіт көктемгі әскерге шақыру кезінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарын толықтырады. Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру кезеңін 2021 жылдың 1 шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Әскер құрамына шақырту алғандар екі рет ПТР-тест тапсырады, шақыртумен келген пунктте және әскери бөлімге өткенде. Бұдан бөлек, жаңадан шақырылғандар коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырады.

"Биыл әскерге шақырудың жаңа тәсілі қолданылады. Пандемия жағдайында байланысты 1414 қызметі пилоттық режимде SMS-хабарлама жібереді. Әскерге шақыру бойынша барлық рәсім ашық форматта ұйымдастырылып, кеңес алу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарында электрон пошта жәшігі мен әлеуметтік желілерде ресми парақша жасады. Әскерге шақыру тәртібі туралы түсініктемені Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына хабарласып алуға болады: 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82", - деді қорғаныс бөлімі өкілдері.

5 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Қарулы Күштер Бас штабы қазақстандық жастарды әскерге шақыруды ақша беріп кейінге қалдырмауға шақырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!