Астана әкімі кішкентай қыз зардап шеккен автобус апатына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобус қатысқан резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді. Апат салдарынан 8 жастағы Алуа есімді қыздың екі аяғы кесілген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобус қатысқан резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді. Апат салдарынан 8 жастағы Алуа есімді қыздың екі аяғы кесілген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасымбектің айтуынша, зардап шеккен қыздың отбасы баспанамен және қаржылай көмекпен қамтамасыз етіледі.

"Сақтандыру сомасы – шамамен 20 миллион теңге. Әкімдік тарапынан 10 миллион теңге бөлінді, қосымша тағы 10 миллион теңге беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ баспана мәселесін шешеміз. Ресми түрде мәлімдеймін: бұл отбасына пәтер беріледі", – деді әкім.

Апаттың себебіне қатысты сұраққа жауап берген әкім тергеудің аяқталуын күтуді сұрады.

"Кінәлілерді тергеу анықтайды. Бұл автобус жүргізушісінің тәжірибесі бар, ол осы салада және осы компанияда көптен бері жұмыс істеп келе жатқан адам. Қазір ол тергеу аясында ұсталды. Тағы да айтамын: тергеу аяқталған соң нақты себептер мен жауапкершілік деңгейі анықталады. Менің білуімше, бұл – жаңа автобустар", – деді Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, қалаға шамамен 700 жаңа автобус жеткізілген. Ол олардың сапасы жақсы екенін атап өтті.

"Автобустар кейде жол апатына ұшырап жатады. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар бұған дейін де болған. Бұл тек биылғы жылдың ерекшелігі емес – мұндай жағдайлар 10, 20, 30 жыл бұрын да орын алған. Бұл – жол қозғалысы. Сондықтан да жол жүру ережелері бар. Кез келген көлік құралының қозғалысы белгілі бір қауіптермен байланысты. Мұны түсінуіміз керек. Өкінішке қарай, осындай қайғылы жағдай болды. Тағы да қайталаймын: тергеу аяқталған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады", – деді ол.

Еске салайық, Астанада автобус жол бойындағы бағанаға соғылған болатын. Жол-көлік оқиғасы Республика даңғылында болған.

Оқиға салдарынан 10 адамның зардап шеккені хабарланды. Олар елорданың түрлі стационарларына жеткізілген. Екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жатқызылды.

Апат сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған: видеода автобус Республика даңғылымен баяу жүріп келе жатып, бағанаға соғылғаны көрінеді.

Кейін жол апатында зардап шеккендердің бірі – 8 жастағы қызға ампутация жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Жедел жәрдем бригадалары жалпы 15 адамды ауруханаларға жеткізген. Үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйлеріне жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer