Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

"Астана ЭКСПО-2017" өкілдері қамауға алу оқиғаларының компания абыройына нұқсан келтіргенін айтты

23 Маусым 2015, 14:17
12
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

"Астана Экспо - 2017" басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова ҰК-дағы қамауға алу оқиғаларының компания абыройына нұқсан келтіргенін мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сөзсіз, болып өткен оқиғалар белгілі бір із қалдырды, тергеу жалғасып жатыр. Сондықтан, кінәлі ме, жоқ па, оны сот шешеді. Белгілі бір шешім шығарылады. Сондықтан бұл жайында асықпайық. Абыройға келген нұқсанның бар екендігі сөзсіз. Біз үшін бүгінде жобаны жүзеге асыру үшін сенімдеріңіз қажет, халықтың сенімі қажет", - деді Рахымбекова тілшілердің сұрағана жауап беру кезінде.

Еске салайық, 11 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғаны хабарланды. Ол үй қамауына алынды. Үсенов бюджет қаражатын аса ірі көлемде иелену және шығын келтіру арқылы жымқырды деп айыпталып отыр. Ал келесі күні Ұлттық компанияның басшысы Талғат Ермегияев қызметінен босатылды. Оның орнына Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Кейін Ермегияевтің үй қамауына алынғаны белгілі болды. Оған аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдік келді. 19 маусымда антикоррупциялық қызмет "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарушы директоры Сұламбек Баркинхоевты ұстады. Таяуда ұлттық компанияның жаңа басшысы қайта ұйымдастыру жасады.

Халықаралық мамандандырылған EXPO көрмесі Астанада 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100 ел, 10 халықаралық ұйым, инновациялық технология бойынша 10 көшбасшы ел қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы екі миллионнан астам адам келеді деп күтіліп отыр.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (12)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай